Мал баққанға бітеді

Oinet.kz 20-09-2019 747


20190508130404.jpg

Созақ ауданында мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде асыл тұқымды мал басы жыл санап артып келеді. Төрт түлікті түлетіп отырғандардың қатарында «Камила-РБР» шаруақожалығы бар. 

«2001 жылы шаруа қожалық болып ашылдық. 2004 жылы ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру бағдарламасымен жұмысымызды жетілдірдік. 35 шаруашылықты бізге қосып, 750 гектардай жайылымдық жер берді. 35 үйдің 300 гектар жері және бар, яғни, 1050 гектар. Шаруашылықты отбасымызбен бастадық. Бастапқыда аз ғана мал бар болатын. Сол малдың басын көбейтіп, қазіргі деңгейге жеткіздік. Мемлекеттік бағдарламамен мал басын асылдандыруға ден қойып, 2013 жылы Талғардан екі бұқа алып келдік. Оны үш жыл ұстап, екінші жылы Байзақ ауданынан үш бас әкелдік. Енді 2020 жылы жаңа тұқымын әкелуді жоспарлап отырмыз.  «Алтын асық» бағдарламасымен «Ортай» шаруа қожалығынан асыл тұқымды 30 қошқар алдық. Биыл да 30 қошқар әкелгелі жатырмын. Сондай-ақ, биыл 250 гектар жоңышқа орып, арпадан 12 центнерден өнім алдық. Бізде қазір төрт техника жұмыс істейді. Қазіргі таңда, «Камила - РБР» 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кооперативте мүйізді ірі қара саны бордақысымен қосқанда - 140, 30-ға жуық жылқы бар. Ал, ұсақ малды Россияға экспорттадық. Қыс мезгіліне арнап, мал азығын да қамдап қойдық. 10 000 «прес» шөп, 100 тонна арпа жинадық, жалпы 70 тоннадай мал азығы бар. Мал шаруашылығын бастағысы келетіндерге айтарым, «малды бақпағаның келген бақты қаққаның», - дейді «Камила-РБР» басшысы Рыскелді Сахарбаев. 

      Тынымсыз еңбекті қажет ететін ауыл шаруашылығы саласы бойынша Созақ ауданында өсімдік, мал шаруашылығында ілгерілеушілік бар. Жайылымдық жерлер тиімді пайдаланылып, егістік алқаптарынан мол өнім жинау мақсатында заманауи технологиялар қолданылуда.



Шаруалар Ресейден асыл тұқымды мал әкеліп жатыр
Министр МӘМС-ті ендіру қандай қажеттіліктен туындағанын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу