Теріскейде 100 жас кәсіпкерлікке оқытылды

Oinet.kz 13-09-2019 589

 

2019_02_11_1542334162_article_b_1500_.jpeg

 

Созақ ауданында жыл басынан бергі жеті айда 183 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, олардың жалпы саны 3 256 жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102%-ды құрап отыр. Осы салада 8 млрд. 515 млн. теңгенің өнімі өндірілген. 

      Кәсіпкерлікті қолға алған тұлғалардың жобаларын қаржыландыру бойынша «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 21 жобаға жалпы сомасы 70 млн. теңге бөлінген. Ал, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ының өңірдегі  филиалы арқылы 24 жобаға 79,3 млн. теңге қаралған. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы жалпы 3 жобаға 21 млн. теңге, барлығы 170 млн. теңге несие берілген.

       Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында "Бизнес Бастау" жобасы бойынша 50 адам, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 100 адам оқытылып, сертификаттарын қорғап шыққан. Сонымен қатар, Атаулы әлеуметтік көмек жобасы да тиімді жүзеге асырылуда. 1649 адамға шартты ақшалай көмек бекітіліп, 9831 адамға 1 млн. 761 мың теңге тағайындалған. Ал, олардың ішінде 87 адам өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетуде.

 



Атаулы әлеуметтік көмек арқылы өз кәсібін ашуда
Жәрмеңкенің мақсаты-қымбатшылықты болдырмау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу