Қарағандыда қасапхана бекеті ашылды
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жанынан модульдік мал сою бекеті ашылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Стандартқа сай кешен енді шаруа қожалықтарына сапалы қызмет көрсетеді. Заманауи қасапхана жаңа қондырғылармен жабдықталған. Аталған орынды елдің игілігіне жаратуды көздеген кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, осылайша өз ісін өркендетіп отыр. Мұндағы тоңазытқыш пен мұздатқышта 20 тонна ет сақталады. Санитарлық-ветеринарлық талаптарға толықтай жауап беретін пункітте тәулігіне 10 ірі қара мен 20 қой сойылады. Артынша малдың етін зертханада ветериналар тексереді. Модульдік мал сою бекетіне 4 адам жұмысқа қабылданды
«Ауылымызға өте қажет. Сосын қолға алып, жұмыс істеткізейін деп жатырмыз. Осы кешен халықтың сұранысымен салынды», дейді кәсіпкер Ерлан Нұртазин