Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғындарды пара бермеуге шақырады

Oinet.kz 11-10-2019 943

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мәлімдеді.

«Біздің өңір бойынша статистиканы негізге алсақ, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар мәртебе берілген сәттен бастап Департаментпен пара беру фактілері бойынша 7 іс тіркелді, нәтижесі бойынша 8 тұлға сотталған. Пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен қатар, заңсыз сыйақы арқылы қандай да бір мәселелерді шешуге тырысатын қатардағы азаматтар да тартылатынын атап өткен жөн» - деді спикер.

Соның бірі, фирмаға қатысты тексеру материалдары бойынша мәселені оң шешуі үшін лауазымды тұлғаға ақшалай қаражат беруге тырысқан азаматша Т. тарапынан 10 млн. теңге сомасында пара беру фактісі тіркелген.

Департамент басшысы атап өткендей, пара алғаны үшін де, пара бергені үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан біз пара беруден үзілді-кесілді бас тартуды ұсынамыз.

Лауазымды тұлғалар тарапынан бопсалау орын алған жағдайда, Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің CaII-орталығына хабарласу қажеттігі айтылды.

Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленетіндігі айтылды.

«Бүгінгі күні 1 млн.153 мың теңге сомасына 7 адам ынталандырылды, олардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолы кесілді» - деді Асхат Жұмағали.

Сонымен қатар, спикер Департаменттің жұмысы сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға бағытталып отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен 43 қылмыс, оның ішінде 31-і сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Анықталған қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру құрайды. Салаларға бөліп қарағанда  құқық қорғау органдарында - 12 қылмыс, ауыл шаруашылығы саласында – 5, жер қатынастарында – 3, білім беру -2 анықталған.

Жалпы алғанда жыл басынан сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 32 тұлға, оның ішінде 1-і республикалық,  3-і облыстық, 2-і – аудандық  деңгейдегі басшылар ұсталған, 23-і сотталған.

Шымкентте «Пара берме» челленджі бастау алды
Түркістан: Игі мақсатта футболдан ашық турнир өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу