Тәуелсіздік – халқымыздың басты байлығы!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы жаңа Конституцияның қабылдануымен тұспа-тұс келді. Қазақ елінің жас өрендері тәуелсіздікті баға жетпес басты байлыққа теңеп, жарқын болашақтың, кемел келешектің кепілі ретінде қабылдайды.

Мәселен, бұл ретте 10-сынып оқушысы, Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі Ақбота Нәлібай өз ойын былай жеткізеді:
«Қазақстан халқының басты байлығы – тәуелсіздік. Тәуелсіздік дегеніміз – еркіндікті, бейтбішілікті қорғау деген сөз. Ал біз Конституциямыздың құндылықтарын сақтай отырып, өз құқықтарымызды біліп, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз».


