Сайрамда ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Oinet.kz 30-07-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды саласы. Бұл бағытта еңбек өнімділігін арттырып, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, инвестиция тарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі», – деп атап өткен болатын.

Screenshot_6.png

Президент жүктеген міндеттерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді.

Сайрам ауданында 2026 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 65,9 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 141,3 % өскен немесе 19,3 млрд. теңгеге жоғары (2025 жылдың 6 айы – 46,6 млрд. теңге). Нақты көлем индексі (НКИ) – 111,7 %. Оның ішінде:

– өсімдік шаруашылығы – 2,5 млрд. теңге (97,3 %); – мал шаруашылығы – 63,1 млрд. теңге (112,4 %); – облыстағы үлесі – 20,2 %.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 25,0 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. 6 айда 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

2026 жылы 52,2 мың гектар түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған, 0,6 мың гектар жер парға қалдырылған (жерді демалдыру). Егілген дақылдар: дәнді дақылдар – 18,5 мың гектар (оның ішінде күздік бидай – 14,6 мың гектар, арпа – 3,6 мың гектар, дәндік жүгері – 0,2 мың гектар). Майлы дақылдар – 10,7 мың гектар, көпжылдық мал азықтық дақылдар – 13,5 мың гектар, картоп – 3,7 мың гектар, көкөніс – 5,7 мың гектар.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 2026 жылға тапсырма 180 дана болса, оның 87-сі орындалып, көрсеткіш 48,3 %-ды құрады.

2026 жылға 1420,8 тонна жанармай алуға 66 өтінім жолданды. Оның ішінде көктемгі жанармайға 35 агроқұрылымның 6,5 мың гектар егістік жеріне 945,6 тонна, күзгі жанармайға 31 агроқұрылымның 6,2 мың гектар егістік жеріне 475,2 тоннаға өтінім берілді.

Ауданда мал шаруашылығының дамуы облыста жетекші орында. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ірі қара мал саны – 268,5 мың бас, қой мен ешкі – 202,5 мың бас, жылқы – 88,9 мың бас, құс – 206,7 мың басты құрап отыр.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, сойыс салмақта ет өндіру – 150 % (15,1 мың тонна), сүт өндіру – 85,4 % (75,1 мың тонна), жұмыртқа өндіру – 96,4 % (8,4 млн. дана) болды.

2026 жылдың 6 айында барлығы 22,2 мың тонна ет экспортталды. Оның ішінде 8,8 мың тонна ірі қара мал еті және 13,4 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.

Су шаруашылығы

Аудан аумағынан ағып өтетін 2 өзен («Ақсу», «Арыс») және 1 көл («Көлкент») Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бақылауында.

Қарамұрт ауылдық округін ағын сумен қамтамасыз ететін 2 канал («Олжалы», «Кент Балдыберек») Төлеби ауданының коммуналдық меншігінде.

Сайрам ауданы аумағын ағын сумен барлығы 53 канал қамтамасыз етеді. Оның 46-сы ауданның коммуналдық меншігінде, 1-еуі облыс меншігінде, 6-уы жеке меншікте.

Бұл каналдардың су басы Ақсу, Арыс өзендерінен және кішігірім көлдер мен бұлақтардан басталады. Ақсу өзенінен су бөлетін 2 бөгет (Жоғарғы Ақсу су бөгеті, Орта Ақсу су бөгеті) бар. Олар 2022 жылдан бастап облыстық «Тұран су» МКК-ның қарауына өткен. Қарамұрт ауылындағы «Қыдыр» каналының басында аудандық коммуналдық меншіктегі 1 су бөлу құрылымы орналасқан. Ал Арыс өзенінде су бөгеттері мен ірі су құрылымдары жоқ.

«Ақсу» өзеніне таудан келетін ағын су 2018 жылмен салыстырғанда 35–40 % азайған (қажетті лимит – 125,0 млн. м³, 2024 жылы алынған су – 87,0 млн. м³).

Аудан бойынша жалпы 27 канал бетондауды қажет етеді. Оның ішінде 1 каналға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Сонымен қатар, 7 каналдың мемлекеттік сараптамасы дайын. Күрделі жөндеу жұмыстарына Әсіл каналына – 1,6 млрд. теңге, Бауарық каналына – 0,8 млрд. теңге, Сай каналына – 3,2 млрд. теңге, Аламан каналына – 2,98 млрд. теңге, Теспе каналына – 3,4 млрд. теңге, Төменгі Аққала каналына – 1,0 млрд. теңге, Жоғарғы Аққала каналына – 0,3 млрд. теңге, барлығы 13,4 млрд. теңге қаржы қажет.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 13,4 млрд. теңге қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

2024 жылы ұзындығы 4,9 шақырым болатын «Ақбай Қарасу» каналы 527,7 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Сары Арық» каналын күрделі жөндеуге 262,0 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің суармалы алқаптарға су үнемдеу технологиясын енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы 1107 гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізу жоспары бекітілді (тамшылатып – 810 гектар, жаңбырлатып – 297 гектар).

Аталған технологияны енгізуге ауылдық округтерден 190 агроқұрылым қатысып, 1119,3 гектар жерге (оның ішінде 786,6 гектар тамшылатып, 332,7 гектар жаңбырлатып) су үнемдеу технологиялары енгізілді.

С.АБЫЛБЕКОВА

Көлкенттің ауыл шаруашылығындағы қарқынды қадамдары
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу