Киімге сұраныс артып табыс көлемі де ұлғайды

Oinet.kz 30-11-2025 27

Screenshot_1.jpg

Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер қатарына кіреді. Демек, бизнеспен шұғылданғысы келген, кәсібін ашуға оңтайланып жүр­ген азаматтарға ыңғайлы жағдай бар. Мұн­дай азаматтарды қолдауға арналған мем­лекеттік бағдарламалар да көптеп қабыл­данып жатыр. Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге тыйым салынды. Әкімшілік кедергілер азайды. Салық ауыртпалығы қысқарды. Кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген кредит көбейді. Бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға қолбайлау болып отырған құқықтық нормалар да күшін жойып, ШОБ-ты реттеу «таза парақтан» басталмақшы. Ендігі мақсат – орта және шағын бизнестің үлесін арттырып, ел дамуын орнықтыра түсу.

Осы ретте Шымкент қаласында кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ерекше қолдау көрсетілуде. Айталық «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасымен қаншама тұрғын бүгінде кәсібін  дөңгелетіп отыр.  Солардың бірі  Ләззат Өмірбаева. Өткен  жылы жеке кәсіпкер "Мен кәсіпкер боламын" арнай іс-шара жоспары бойынша қаржыландырылған. Мониторингтік топ нысаналы мақсатымен субсидиялау шартының жеңілдетілген 1 пайыздық  несие берудің талаптарын сақтау бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді.

Бүгінгі таңда ЖК "Умирбаева" киім бутиктерінің желісін ашты. Қазіргі таңда бизнесі алға басуда. Тауарға сұраныс жоғары деген кәсіпкер осындай қолдау көрсеткені үшін  сала мамандарына алғысын білдіріп, өзі секілді қыз-келіншектерге «жұмыс жоқ, қолдау жоқ» деп қарап отыра бермей әрекет етуді әрі мемлекеттің қолдауын қабыл алу керектігін айтты. 

Кәсіпкердің айтуынша, адамдардың киімге деген талғамы мен сұранысы өзгерген сайын, киім бутиктерін ашу – табысты әрі болашағы зор бизнес түрлерінің біріне айналды. Бұл кәсіп тек саудамен шектелмей, стиль мен эстетиканы ұсынатын сала болып табылады. Киім бутигі ең алдымен тұтынушыға сапалы әрі сәнді өнім ұсынуы тиіс. Дұрыс таңдалған ассортимент, заманауи үлгілер мен қолжетімді баға сатып алушыларды тартудың негізгі жолы. Сонымен қатар бутиктің орналасқан жері де үлкен рөл атқарады. Адамдар көп жүретін сауда орталықтары мен орталық көшелер табысты арттыруға ықпал етеді. Бұл бизнесте қызмет көрсету мәдениеті ерекше маңызды. Сыпайы кеңес беру, клиенттің талғамын түсіну және жайлы орта қалыптастыру тұтынушының қайта келуіне себеп болады. Бутиктің интерьері, жарықтандыруы мен тазалығы да сатып алушыға жағымды әсер қалдырады. Киім бутиктерін ашуда жарнама мен маркетинг те шешуші рөл атқарады. Әлеуметтік желілер арқылы жаңа топтамаларды таныстыру, жеңілдіктер мен акциялар ұйымдастыру бизнеске серпін береді. Тұрақты клиенттер қалыптасса, табыс та тұрақты болады.

Тазалық бар жерде береке бар
Бөдене кәсібі өрге сүйрейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу