Тазалық бар жерде береке бар

Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары басым бағыт ретінде бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдауға көңіл бөлінді. Күрделі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, бизнестің дамуы мен қалыптасуына бағытталған алғышарттар осы кезеңде пайда бола бастады.
Көптеген мемлекеттің әл-ауқаты кәсіпкердің көптігімен өлшенеді. Өйткені кәсіпкер бар жерде ел экономикасы орнықты дамиды, жұмыссыздық азаяды, тауарлар мен қызмет көрсету сервисі артады. Елдегі табысты азаматтардың саны ұлғаяды. Қазақстанның ұстанған саясаты да осы.
Еліміздің үшінші мегаполисі кәсіпкерлік субъектілері көп аймақтың бірі. Әрине мұндай нәтижеге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қол жеткізіліп отыр.
Шаһарда осы уақытқа дейін сәтті жүзеге асырылып отырған жобалардың бірі – «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Бағдарламаның басты мақсаты - жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.
Биылғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде қолдау көргеннің жанның бірі - жеке кәсіпкер Абрахманова Г. ("Clean City Life"). Ол арнай іс-шара жоспары бойынша қаржыландырылды. Мониторингтік топ нысаналы мақсатымен субсидиялау шартының жеңілдетілген 1 пайыз несие берудің талаптарын сақтау бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді. Қазіргі урбанизация дәуірінде қалалардың тазалығы – қоғамның мәдениеті мен өмір сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Қоқыс мәселесі тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық мүмкіндікке де айналып отыр. Қаланы қоқыстан тазарту арқылы табыс табу бизнесі – қоршаған ортаны қорғау мен кәсіпкерлікті қатар дамытатын маңызды сала.
Бүгінгі таңда ЖК "Clean City Life" қала көшелерін қоқыстан тазарту үшін арнайы техника сатып алған, жұмыс жасап тұр.
Қалаларда тұрмыстық қалдықтар көлемі күн сайын артып келеді. Осы қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу – үлкен сұранысқа ие қызмет. Бұл бизнесті дұрыс ұйымдастырған кәсіпкер қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрақты табыс көзіне ие бола алады. Әсіресе пластик, қағаз, әйнек пен металл қалдықтарын бөлек жинау экономикалық тұрғыдан тиімді. Бұл салада тәртіп пен жауапкершілік аса маңызды. Арнайы техника, контейнерлер және білікті жұмыс күші қажет. Сонымен қатар жергілікті билікпен, тұрғындармен және кәсіпорындармен тығыз байланыс орнату бизнестің табысты болуына ықпал етеді. Қоқысты уақытылы шығару мен көшелерді таза ұстау халық сенімін арттырады. Қаланы тазалау бизнесінің тағы бір артықшылығы – оның экологиялық пайдасы. Қайта өңделген қалдықтар табиғи ресурстарды үнемдеуге көмектеседі, ал таза қала тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді. Экологияға жауапкершілікпен қараған кәсіпорынның беделі де жоғары болады. Қаланы қоқыстан тазарту арқылы табыс табу бизнесі – қоғамға пайдалы әрі болашағы бар кәсіп. Табиғатты қорғау, еңбекқорлық және дұрыс жоспарлау арқылы бұл салада тұрақты табысқа қол жеткізіп қана қоймай, таза әрі көрікті қала қалыптастыруға үлес қосуға болады.


