Замануи кәсіп бастап табысқа шықты

«Ақыл жастан...» демекші шымкенттік жас кәсіпкер Мыңжасар Жорабекұлы зеректілігінің арқасында ерекше кәсіп бастаған. Ол зертханалық стенд жасап, өз кәсібін өркендетті. Ол зертханалық стенд жасаумен айналысаты «Automation ES» ЖШС-ның негізін қалаған.
Кәсіпкердің негізгі мамандығы – инженер. Кәсіпорын күні бүгінге дейін 80-нен астам түрлі сынамалы зертханалық қондырғы құрастырған. Бизнесті жүргізуге қаражат алғашында жеке капитал есебінен жұмсалған. Кейін келе «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге грант ұтып алған. Грант қаржысын стендке қажетті бөлшектер сатып алуға жаратады. Зертханалық қондырғыларды құрастыруға техникаға әуесі бар жастар көмектеседі. Сол еңбегі үшін оларға тиісті еңбекақы төленеді. «Негізінде электрмонтажды үйреткенім үшін олар маған ақы төлеу керек болса, менде керісінше. Өз елімнің патриоты болғандықтан ізімізді басып келе жатқан жастардың техникаға білікті, бәсекеге қабілетті болғанын қалаймын» - дейді кәсіпкер.
«Automation ES» өнімдері арнайы цехта жасалады. Микросхемаларды да өздері аппарат арқылы қолдан істейді. Дайын өнімнің 70-80 пайызға жуығы қазақстандық бөлшектерден тұрса, қалғаны шетелден әкелінеді. Зертханалық қондырғылармен жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері жұмыс істейтіндіктен өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне мән беріледі. Стенд құрастырылып болған соң сапасы білікті мамандар тарапынан жіті тексеріледі. Заманауи зертханалық қондырғылар өзімізден бөлек шетелдік ұйымдардың да аса жоғары қызығушылығын тудырған. Сондықтан Өзбекстандағы Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті осындай 8 стендке тапсырыс берген. Сонымен бірге Тәжікстан елімен де отандық өнімді сатып алу бойынша компания тарапынан келіссөздер жүргізілуде. Және де БҰҰ-ның Қазақстандағы даму жобасы ұйымына, Кентау трансформатор зауытына және М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға да «Automation ES» қондырғылары қойылды. Шымкентте өндірілген зертханалық стендтер колледждер арасында өткізілетін халықаралық World Skills Kazakhstan көрме байқауында төрт жыл қатарынан жүлделі орындар алып келеді.
Қысқаша айтқанда қазіргі заман – жоғары технологиялар дәуірі. Ақпараттық технология, жасанды интеллект, байланыс жүйелері мен тұрмыстық электрониканың дамуы микросхемаларға деген сұранысты күрт арттырды. Осы тұрғыда микросхема жасау арқылы табыс табу – ғылым мен өндірісті ұштастыратын, болашағы зор кәсіптің бірі. Микросхема – кез келген электронды құрылғының «жүрегі». Телефон, компьютер, медициналық құралдар, көлік жүйелері мен өнеркәсіптік жабдықтардың барлығы микросхемасыз жұмыс істей алмайды. Сондықтан бұл өнімге деген қажеттілік жыл өткен сайын өсіп келеді. Сұраныстың жоғары болуы кәсіптің табыстылығын арттырады. Микросхема жасаумен айналысу үшін терең білім мен үздіксіз ізденіс қажет. Электроника, физика, бағдарламалау және инженерия салаларындағы білім бұл кәсіптің негізі болып табылады. Білікті мамандар жаңа технологияларды меңгеріп, сапалы әрі тиімді өнім ұсына алса, нарықта өз орнын табады. Бұл салада инновация мен сапа басты рөл атқарады. Заманауи жабдықтар мен дәлдікке негізделген өндіріс процестері өнімнің сенімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар микросхемаларды жобалау мен өндіруде экологиялық талаптарды сақтау да маңызды. Мұндай жауапкершілік компанияның беделін көтереді.


