Жас буын өз ата-бабаларының халықтық салт-дәстүрлеріне бет бұрды
Қазіргі таңда жастардың ата-бабаларының халықтық салт-дәстүрлеріне қызығуы және ұмтылуы байқалады.
Шымкент қаласында ұлттық киімдерімізді қала тұрғындары тек мерекеде ғана, күнделікті киіп жүру әдебін қалыптастыруда. Бір ғана қарапайым мысал, Шымқаладағы бірқатар мектептерде оқушылар мектепке ұлттық киіммен барса, М.Әуезов атындағы ОҚУ-да әр жұмада бүкіл қызметкерлер ұлттық киіммен жүреді.
Халықтық дәстүрлерімізді зерттеп, оны сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде Шымкент қаласында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асма Қалыбекова көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіп, соның ішінде «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты құнды кітап шығарды.
– Ұлттық сананың өсіп, мәдени және рухани дәстүрлердің, тілдің қайта жаңғырған кезінде мектеп оқушыларын өз халқының рухани құндылықтарын, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен түбегейлі, неғұрлым терең таныстыру қажеттілігі туады. Яғни мен өткен мен бүгіннің келешектің арасындағы рухани байланыс біріктіруші элемент болуы тиіс. Бұларды жеткізуші – білім беру, мұғалімдер, дәстүрлер, - деп атап өтті өз сөзінде Асма Ахметқызы.
Асма Ахметқызының пікірінше, әрбір ұлт «өсуі» үшін ұлттық білім алудың, ана тілін, әдебеиеті мен өнерін оқытуды ұйымдастыруға арналған инфрақұрылымды қалыптаструға қатысудың, тұтас алғанда оқушылардың өз ұлтының мәдениетіне араласуының қажеттілігін ұғынуы тиіс.
Дәстүрді жастардың жадына тоқытып, санасына сіңіру бұл бір мемлекеттің ғана ұстанымы болмауы тиіс екені айдан анық. Ғалым «бізде ұзақ уақыт бойы мектеп – балалардың басты тәрбиешісі, ал отбасы – көмекшісі әрі одақтас деп саналып келді. Алайда жеке тұлғаның басты тәрбиешісі отбасының нақ өзі екенін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Әрбір баланы жеке тұлғаға айналдыратын қайталанбас бейнесі отбасында қалыптасады. Ал осыдан тағы бір маңызды қорытынды шығады: ата-аналардың педагогикалық білім-білікпен қарулануы мектеп педагогтарынан кем болмауы тиіс» дейді.
Профессор А.Қалыбеков тәуелсіздікке қол жеткізген соңғы отыз жылдың ішінде жас буынның өз ата-бабаларының халықтық салт-дәстүрлеріне, шынайы ұлттық музыкалық-поэтикалық, хореографикалық, бейнелеу шығармашылығына, қазақтың ұлттық киімдеріне, баспанасына, халықтық дүниетанымына түбегейлі бет бұрды деген пайымда.
– Мұның барлығы рухани жаңғыруға деген ұмтылыс деп қарастырған жөн. Ең бастысы – осы сәттен қапы қалмау. Өскелең ұрпақтың «түпкі тамырын» білуіне, өз ұлттық мәдениетінің тарихына қызығуы мен сұранысын дамытуға көмектесу – міне, тәрбие берушілердің, бәрінен бұрын барлық білім мен мәдениет қызметкерлерінің міндеті, - деп атап өтті ұлттық дәстүрлерімізді зерттеуші ғалым.
Асма Ахметқызының құнды ізденесін басшылыққа ала отырып, ата-аналар, педагогтер, тәрбиешілер, жас ұрпақ бойына қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, мақал-мәтелдермен өрнектелген салт-дәстүрлерін сіңіруіне, уақыттың да өмірдің қатал сындарының да әмірі жүрмейтін дана халықтың өзіне тән сұлулығы мен данышпандығын түсінуіне, ата-бабаларының ерлік істеріне деген мақтаныш сезімдерін дамытуына күш салуына болады. Өйткені ғасырлар бойы тереңінен бастау алған ұлттық «тамырыңды» білгенде ғана балалар мен жастарды өткеннің игіліктерін құрметтуге, туған жерге шынайы махаббатқа тәрбиелеуге және оларды алған білімін сақтайтын әрі келешек ұрпақтарға мұқият табыстайтын Отанның нағыз патриоттары етіп тәрбиелеуге болады.