Ұлттық дәстүрлерді ұстану – ұлттың рухани болмысын сақтаудың бір жолы

Oinet.kz 12-08-2025 7

Бала тәрбиесіндегі әрбір салт-дәстүр мен ырым-тыйым – халқымыздың өмірлік тәжірибесінен, терең дүниетанымынан туған тәлім-тәрбиенің көрінісі.

Screenshot_36.jpg

Олар тек сыртқы рәсім емес, баланың жан-дүниесін қалыптастыруға, мінез-құлқын, дүниетанымын дұрыс бағыттауға арналған. Мысалы, тұсау кесу – баланың өмір жолы ашық болсын, әр қадамы нық, сәтті болсын деген сенімнен туындайды. Сол сияқты «қол-аяғын жіппен байлама» немесе «басынан аттама» деген тыйым сөздер де баланың амандығы мен адамдық қасиетін сақтауға бағытталған. Сондықтан бұл дәстүрлерді ұстану – ұлттың рухани болмысын сақтаудың, саналы ұрпақ тәрбиелеудің бір жолы.

Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының аға ғылыми қызметкері Жасұлан Исабаевтың дәстүрлеріміздің ұрпақ тәрбиелеудегі пайым-парасты, құндылықтары жайында терең талдауын оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақ салт-дәстүрінде бала дүниеге келгеннен бастап дүниеден өткенге дейін жасалатын әдет-ғұрып салтымыз, ырым-жоралғыларымыз бар. Тал бесіктен жер бесікке дейін түрлі ғұрыптар жасалады, өте бай дәстүрлеріміздің өз мән-мағынасы бар терең дүниелер. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп Абай атамыз айтады. Бала алғаш дүниеге шыр етіп келгенінде оның кіндігін кесіп қамқорлық танытқан адамды баланың «кіндік шешесі» деп айтады. Содан баланың денесін жып-жылы суға салып жуындырып, ақ матаға яғни құндаққа орап «ит көйлек» кигізеді. Баланың денесіне алғаш тиген көйлекті «ит көйлек» деп атайды. Матаның жұмсақ бөлігін ішіне тігісін сыртына қаратып баланың денесіне жұмсақ болуы үшін арнайы жасалған көйлегі. Оның түймелері жоқ алды ашық, сәбиді киіндіріп шешіндіруге қолайлы болуы үшін. Осылайша 40 күн бойы денесі ширасын деп тұз суға шомылдырып сәбиді қырқынан шығару рәсімі жасалады. Шашын тырнағын алғаш рет алып баланы құрметті, сыйлы алтын құрсақты аналар арнайы суға салып ырымдап жоралғылар жасайды. Осы орайда Ш. Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» атты мәні терең философиялық өлеңіне талдау жасағанды жөн көрдім. Бұл туындыда астарлы сырлы мағынада анадан алғаш туғанда бала неге жылайды, кіш-кішке неге алданады осыған экзистенциялық жағынан тоқталсақ. Бала деген таза пәк, періште деп жатамыз, бейсаналы түрде ол сезеді үлкен өмірде түрлі мұқтаждық болады, неше түрлі әділетсіздіктерге тап боласың деп соны сезіп, ақылы сездіріп жылатып отыр деген ойды толғайды. «Туғанда кейіп жыладым мен, сездім бе өмір сырларын», - деп өзі сырмен жеткізіп отыр. Енді баланы кіш-кішпен алдап жұбатса бала жұбанады адам жастық шағында өмірдің түрлі қызылды жасылына алданып жүретінін той-думан, қызық қуып жүретінін жас өмір қызық оны біл деп мысалдап отыр. Сонымен бірге ойшыл, құлданар сені күшті үкімет дейді яғни халыққа әр-түрлі салықтар төлетеді және басқа да заңдар арқылы адамның еркіндігі бостандығы шектеледі дейді. Бір жағынан ол да керек егерде үкімет мүлде жоқ болса, онда неше түрлі залымдар, күші көп зұлым адамдар арлы, момын адамға күн көрсетпей күш қолданады яғни әлсізді әлді қанап қиянат көрсетеді. Енді осы әлсізді күштіден қорғап отыру үшінде үкімет керек, тепе-теңдік, әділеттілік керек, заң керек және оған бағыну керек. Анадан алғаш туғандағы кіндікті кесіп тастауы ол жас өмірдің аяқталуын, қарттықтың келуін білдіреді. Енді осы ойды қорытындылай келе адам баласы мәңгі жас болып тұрмайды қарттық келеді, уақыт сағаты келгенде адам баласы дүниеден өтеді. Міне осы адам дүниеден өткенде жасалатын жоралғылар дүниеге келгенде жасалатын жоралғыларға ұқсас келеді. Баланы құндақтап бесікке салуы дүниеден өткен адамның денесін ақ бұйымға орап кебіндеп қара жерге тапсырған рәсімге ұқсайды. Қазақта «Кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» деген тәмсіл бар. 1998 жылы жарық көр¬ген «Қазақстан» Ұлттық эн¬цикло-педияның (Бас редактор Ә.Нысанбаев) IV томында: «Кебенек – сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын-шашын, бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп жұқалап басады. Оны асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артына жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішеді. Кебенек кең және ұзын болады. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен желден, жаңбыр мен қар¬дан сақтану үшін киген» делінген. [1]  Ал кебін киген келмейді, өмірден өткен адамның киетін соңғы киімі.  

Байлық, мәнсап, түрлі құмарлықтардың соңына түсіп алтын ортаны ұстай алмай дүниенің соңынан қуған пенде өз өмірін өзі қиындатып алады. Әр-түрлі мұқтаждықтардың шешімін табамын деп жүріп адамшылықтан, ғылым мен білімнен алшақтап кететін тұстары да бар. Адам баласы өмірден өтерде өкініп өтпес үшін ынсап, әділет, ар-ұят сынды құндылықтарды басты ұстаным етіп көпке пайда тигізуді ойлау керек дейді ойшыл. Өзімшіл болма көпті ардақта, адамның бәрі өз халқың деп отыр. «Еңбекке шыда ебін тап, Сабырдың түбі сары алтын» дейді бұл жерде адал еңбек етіп, әділетті болған адамның түбінде мақсатына жететіні белгілі. Алдау арбау, біреуге қиянат жасауды тоқтатып, таза жүрекпен, таза ақылды дамытып игі істерге ұмтылу керек деп қорытады Ш. Құдайбердіұлы атамыз.  

Дастархан әдебін сақтау – тек қана жақсы тәрбие көрінісі емес, ұлттық дәстүр мен құндылықтарға деген
Тілек-бата – ұлтты көгертетін рухани күш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу