Келестік шаруалар жаңбырлатып суару әдісін қолдануда

Oinet.kz 23-08-2022 344

Screenshot_14.png

Келестік шаруалар биылдан бастап мал азығын  жаңбырлатып суару технологиясымен өндіруге көше бастады. Өңірде жаңбырлатып суару технологиясын алғашқылардың бірі болып Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Асқар» шаруақожалығы қолдана бастады. Ағын су шығуы қиын болған 4 гектар аумаққа жоңышқа өнімін еккен шаруа егінін жаңбырлатып суару әдісімен суландыруда. Шаруаның айтуынша жоба құны 26 млн теңгені құраған. 

«Осындай тың жобалар егін шаруашылығында мол өнім алуымызға жол ашады. Соның ішінде мал азығын көптеп жинауға мүмкіндік беруде. Жаңбырлатын суаруға арналған 2 техника алдық. Алған суммамыздың 50 пайызын «Қазагрофинанс» АҚ-ы тарапынан лизингтік шарт негізінде төленіп беріледі. Бұдан кейін жаңбырлатып суару әдісінің  арқасында диқандардың өздері игере алмай жүрген бос жерлер тиімді пайдаланылатын болады» - дейді шаруақожалық иесі Азамат Утеев. 

Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары көбейгені қуантады. Аптап ыстықта ырысын қара жерден іздеген шаруалар мезгілі жеткенде бейнетінің зейнетін көреді. 

Айта кетейік, ауданда аталған тың технологияны қолданғысы келген шаруалардың саны артуда. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше бүгінде 2 шаруақожалық  аталған жобаның техникасын алуға тиісті құжаттарын топтауда екен. 

Ошақтының абаттануына тұрғындар да үлес қосуда
Мүгедек жандар жұмыспен қамтылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу