Мүгедек жандар жұмыспен қамтылып жатыр

Oinet.kz 25-08-2022 301

Screenshot_15.png

 Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінуде. Оларды әр салада қолдауға арналған іс-шаралар көптеп жасалуда. Мұның өзі еліміздегі жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың жемісі деуге болады. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысы қабылданған. Аталған қаулының негізінде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша өңірлерде түрлі шаралар атқарылуда. 

Таяуда Келес ауданында кәсіпкерлерді субсидиялық жұмыс орындарын құру арқылы қолдау іске асырылуда. Бұл жоба 5 бағытта жүзеге асады. Аталған жоба шеңберінде жыл басынан бері 421 азамат жастар практикасына жолдама алған. Бұдан бөлек 65 мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды азамат жұмыспен қамтылса, оның ішінде тұрақты жұмысқа 33 азамат жолданған. Бұл туралы Келес аудандық Қоғамдық кеңесі отырысында аудан әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нурипа Темирбаева мәлімдеді.  

Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің тамыз айына жоспарланған  отырысы өтті.  Отырысқа Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Мұхамеджанов төрағалық етіп, күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, талқыланды. Атап айтсақ, Келес ауданының  ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, сонымен қатар Келес аудандық мәдениет үйі директорының,  СЭББ басқармасы басшысының «Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысының және Жүзімдік ауылдық округі әкімінің  2021 жылы және 2022 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. 

Айта кетейік, қоғамдық кеңестің отырысына Кеңестің 21 мүшесінен он жетісі қатысты. Кеңестің келесі отырысы қазіргі талапқа сай жергілікті жерге шығу арқылы қыркүйек айында Қошқарата ауылдық округінде өтуі жоспарланған.  

Келестік шаруалар жаңбырлатып суару әдісін қолдануда
Қошқаратада құрылыс қарқын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу