Ошақтының абаттануына тұрғындар да үлес қосуда

Oinet.kz 24-08-2022 255

Screenshot_13.png

Келес ауданының Ошақты ауылдық округіне қарасты  Жиделі, Саттаров, Бақшысай, Қаратал, Атақоныс және Ынталы елді мекендері  табиғи газбен қамтылады. Аталған елді мекендерге табиғи газ құбырларын тарту бойынша сараптама қорытындысы алынған. Бүгінгі таңда жобаларға түзету жұмыстары жүргізілуде. Ошақтыға қарасты 6 ауылға табиғи газ «Абай» АГТС-нан жеткізіледі. Бұл бойынша Ошақты ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесуде Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.  

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауданға қарасты ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықпен кездесуде. Кестеге сәйкес бүгін Ошақты ауылдық округінде болған аудан басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 

Ошақты ауылдық округі аумағында өткен жылы 16 шақырымды құрайтын орта жөндеу жұмыстары, 5 шақырымға  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Ошақты елді мекеніндегі ұзындығы 2 шақырымды құрайтын Ғ.Мустафин көшесіне орта жөндеуге мердігер анықталып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округі аумағында жалпы 43 шақырым торпақ жолға  жобалық сметалық құжаттары істелді. 

Биыл Ошақты ауылдық окугінде ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын Игілік, Әшірбай және Ашхабад каналдары механикалық әдіспен тазаланды. Ауылдық округінің абаттанып көркейуіне ауыл тұрғындары да атсалысуда. Атап айтсақ, мемлекеттік қаржы есебінен М.Мәметова, М.Құрбанов, Ж.Жақсыбеков, Ж.Жабаев көшелеріне түңгі жарық шамдары орнатылса, демеушілер есебінен Астана  М.Әуезов, Т.Тоқтаров көшелері жарықтандырылған. 

Кездесу соңынан жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды аудан әкімі қабылдап, шешім жолын талқылады. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды. 


Айтылған мәселелердің дені шешімін тапты
Келестік шаруалар жаңбырлатып суару әдісін қолдануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу