Айтылған мәселелердің дені шешімін тапты

Oinet.kz 23-08-2022 245

Screenshot_12.png

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында  өткен кездесу еркін форматта, ашық аспан астында өтті. Аудан басшысы алдымен өткен кездесуде айтылған мәселелердің нәтижесімен бөлісті. 

Өткен кездесуде тұрғындар ауылдық округінде мәдениет ошағы салынса деген сұранысын білдірген болатын. Бүгінде Жүзімдік ауылдық округінің орталығына мәдениет үйін салу бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармалаға ұсынылды. Қаржы қарастырылған жағдайда құрылыс жұмыстары  басталады. 

Ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі егін шаруашылығымен айналысқандықтан, ағын су мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Биыл Ащысай каналының 17 шақырымын  механикалық тазалауға аудандық  бюджеттен  қаржы  бөлініп,  механикалық тазалаудан  өтті.   

Бүгінгі таңда аудан орталығымен қатар ауданға қарасты көптеген елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. Солардың қатарында Оңтүстік және Ақсу елді мекендерінде ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында биыл жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, келесі жылға құрылысы басталуы жоспарлануда.  

Ағымдағы жылда Мемлекет басшысының  тапсырмасына сәйкес, халықтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерге деген мұқтажын қанағаттандыру үшін Жүзімдік ауылдық округі аумағында орналасқан 143 гектар жайылым жер уаскесін ауыл тұрғындарымен біргелікте пайдалану мақсатында жер пайдаланушы азаматтармен үшжақты келісім шарт түзілді. 

Кездесу соңы жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды қабылдаумен жалғасып, мәселелерін шешуге бағытталды. 

Қарияларға сүйеніш болған орталық
Ошақтының абаттануына тұрғындар да үлес қосуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу