Жәрмеңке - қалтаны қақпайды

Oinet.kz 24-08-2022 275

Screenshot_24.png

«Мектепке жол» Республикалық акциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 20-21 тамыз күндері Шардара орталық базары маңында  мектеп қажетті тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Жәрмеңкенің мақсаты - жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде оқушылардың мектеп тауарларын төмен бағамен сатып алуына көмек көрсету.

Бүгін таңертеңгі  09:00-ден бастап Шардара ауданы Астана сауда орталығы алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті барлық канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.

Бұл жерде «Гауһар», «Бақыт» және тағы да басқа отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.

Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 20%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда. 

Атап айтқанда, дәптер нарықта 40 теңге болса жәрмеңкеде 30 теңге, қалассап 80-50, сөмке 7000-3000, көйлек 4000-2800, шалбар 4000-3500 және аяқкиім 7000-5000 теңге арзан сатылуда. 

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың қолайлылығы үшін арнайы киім өлшеуге арналған орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.

Жәрмеңке - қалтаны қақпайды
Шардараға халық қалаулылары келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу