Жәрмеңке - қалтаны қақпайды
«Мектепке жол» Республикалық акциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 20-21 тамыз күндері Шардара орталық базары маңында мектеп қажетті тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты - жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде оқушылардың мектеп тауарларын төмен бағамен сатып алуына көмек көрсету.
Бүгін таңертеңгі 09:00-ден бастап Шардара ауданы Астана сауда орталығы алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті барлық канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.
Бұл жерде «Гауһар», «Бақыт» және тағы да басқа отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.
Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 20%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.
Атап айтқанда, дәптер нарықта 40 теңге болса жәрмеңкеде 30 теңге, қалассап 80-50, сөмке 7000-3000, көйлек 4000-2800, шалбар 4000-3500 және аяқкиім 7000-5000 теңге арзан сатылуда.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың қолайлылығы үшін арнайы киім өлшеуге арналған орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.