Кәсіпкерлікті қолдау жайы талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті халыққа арнаған Жолдауында ауылшаруашылығы саласы бойынша өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфарқұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. «Қазақстанда бидай, майлы дақылдар, ет, жеміс-жидек, қант, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін жеті ірі эко-жүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығын да арттырудың маңыздылығы зор. Ал жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру қажет», – деген Мемлекет басшысы субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдараламасы аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажеттігін тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда шардаралықтар бар күш-жігерін салуда. Жақында шағалалы ауданда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында Сүткент ауылдық округiнде семинар өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, облыстағы қаржы даму ұйымдары және компания өкiлдерi, қала, ауылдық округердiң әкiмдерi, мекемелер мен кәсіпорын басшылары, Ұлттық кəсiпкерлер палатасы өкiлдерi, ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив төрағалары (АӨК), аудандағы қала/ауыл округтерiндегi ауыл шаруашылығы тауарын өндірушiлер мен кәсіпкерлер және БАҚ өкiлдерi қатысты.
Семинар барысында негізінен күн тәртібіндегі Сүткент ауылының əлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ауыл әкiмi Қ.Кенбай баяндама жасады. Сонымен қатар,
«Агро бизнес Қазақстан » ЖШС өкілі Бектемісов Ғани, Sevalo engineering machinery компаниясы өкілі Төленов Берік және калифорниялық әдіспен шұбалшаң өсіріп, табиғи биогумус өндіру технологиясы бойынша Нұржанов Бақытжан баяндама жасады.
Баяндамашылар негізінен ауыл шаруашылығын қаржыландыру, жеңілдетілген несие, тиімді түрде заманауи техника алу, дақылға қажетті тыңайтқыштардың сапасы мен бағасы және өзге де диқаншылыққа байланысты мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды.