Шардараға халық қалаулылары келді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан және Іляс Жүсіпұлы Шардара ауданында болды. Халық қалаулылары бірінші Ақшеңгелді ауылдық округіне барып, шаруалармен кездесті. Сондай-ақ, ауылдық округтегі мақта өсіруші «Бенс» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ол жерде шаруалар тарапынан тыңайтқыш, ағын су және субсидияға байланысты мәселелер көтеріліп, Д.Мыңбай әр сұраққа толыққанды жауап беріп, оны шешу бойынша тиісті жұмыс атқаратынын айтты. Сонымен қатар Шардара қаласындағы "Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ауданның ардагерлерімен кездесті.
Мәжілісте аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов зейнетақы, қоғамдық ұйымдар, ауған соғысы ардагерлері мен ҚР «Еңбек ардагері» төсбелгісінің статусының мәселелерін айтты. Депутаттар осындай бірнеше өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын талқылап, ұсыныс ретінде Үкіметке жеткізетінін атап өтті. Сондай-ақ, халық қалаулылары жалпы ел саясаты мен экономикалық даму жолын тарқатып айтып, ынтымақты сақтау ең басты құндылық екенін жеткізді. Қ.Ержан аудандағы өзекті деген газ, ауыз су, кәріз және ағын су мәселелеріне тоқталып, бюджеттен қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Халық қалаулылары сонымен қатар ауданға жасаған сапары барысында Шардара қаласындағы «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аз қамтылған және көпбалалы аналармен кездесті.
Жиында мектепке жол акциясына бөлінетін қаржы, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік мәселелер көтеріліп, толыққанды жауаптар берілді.
Сонымен қатар халық қалаулылары "Шардара Армспорт" клубына барып, жұмысымен танысты. Онда спортшылармен кездесіп, еркін түрде сұхбаттасты.
Аудан болып бірнеше өзекті мәселелерге қанығып, нысандарды аралып көрген депутаттар әрбір шешілуге тиісті сауалардың оң нәтижелі болуына ықпал жасайтықтарын жеткізді.