Бірнеше топ өкілдерімен кездесу өтті

Oinet.kz 27-08-2022 714

Screenshot_6.png

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында депутаттар тараптан айтылған мәселелерді тыңдады.

Атап айтқанда, көптен бері көтеріліп жүрген Шұғыла мөлтек ауданының ауыз суы, қала ішіндегі мал базарды сырт жаққа көшіру жағы, қысқы маусымға жылу орталығының дайындық барысы және қала тұрғындарын газға қосу  мәселелері айтылды.

Қала басшысы аталған мәселелер күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. "Атап айтқанда, Шұғыла м/а бойынша ауыз су мәселесінің қайта жұмыстарын реттеу бойынша тиісті органдарға тиісті шаралар жолданған. Бұл бойынша қажетті жұмыстар атқарылады. Жылу орталығы үкіметтің кешегі отырысында талқыланған болатын, бүгінде Алматы қаласынан мамандар келіп тексеру жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың шешімін алған соң әрі қарай өзіміздің бақылауымызға аламыз." деді Жандос Қалмұрзаұлы. Қәзіргі таңда, газ мәселесінің бірінші кезеңдегі жұмыстары аяқталып, екінші және үшінші кезеңдер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, депутаттар тарапынан қаланың өзекті мәселесіне айналған қоқыс жағы көтерілді. Бұл жайында қала әкімі тазалық мекемелерімен кездесіп, қазіргі таңда сол жұмыстарды шешу бойынша мәмілеге келіп жатқандығын жеткізді. 

Қала басшысы қаланың мәселелерін шешу барысында депутаттар тарапынан қолдау күтетінін, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратына сенім білдірді.

Сонымен қатар қала әкімі қалалық этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен, аналар кеңесінің мүшелерімен және қоғамдық келісім мүшелерімен кездесті. 

Кездесу барысында ұлтаралық татулық, аналарға жағдай жасау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында орталықтардың маңызы сынды мәселелер талқыланды.  Одан бөлек кеңес мүшелері қаладағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, тұрғындардың уәжін жеткізді. 

Қала әкімі сөз соңында қаланың даму жолында бірге жұмыс істеуге және алдағы уақытта өзекті мәселелерді бірге шешу жолында еңбек етуге шақырды.

Жандос Тасов қалалық Ауған соғысы, Семей полигоны, Чернобыль ардагерлерімен және Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесуді де ұмыт қалдырмады.  Кездесуде ардагерлер қаланың дамуы жолындағы ұсыныс - пікірлері мен тұрғындар тарапынан ұдайы көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерді жолдады. 

Одан бөлек, ардагерлердің ерліктерін кейінгі жастарға насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу барысын қол алуды, ардагерлер арасында егде жастағы спорт түрлерін дамытып, арнайы клубтар ашу жайы сөз болды.

Қала әкімі ардагерлердің еңбегі қала үшін құны жетпес ерлік екенін атап, алдағы игі бастамаларда бірге жұмыс атқарып, ақыл-кеңестері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырды.  Қарияларда өз тараптарынан қала басшысының жұмысына сәттілік тілеп,  кенді қаланың жаңа бағытта өркендеу жолында аянбай тер төгуіне тілектес ниеттерін білдірді.

Шаһар басшысы  қаладағы мешіт өкілдерімен кездесіп, олардың да пікірлерін тыңдап қайтты.  Қаланың бас имамы Ғ.Айекеев осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Оның ішінде: ақпараттық насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізілуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады. Қазіргі таңда Кентау қаласында ҚМДБ-на қарасты жалпы саны 12 мешіт, 6 намазхана тіркелген. Сондай-ақ, қала бойынша 12 имам қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық, әлеуметтік саласы бойынша мәселер айтылды.Сондай-ақ мазараттардың қоршауын жөндеп беру және жерін кеңейту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Қала әкімі өз кезегінде мешіт қызметкерлерінің ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе толықтай назарда болатынын мәлімдеді



Нақты проблемалар әкім назарына жолданды
Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу