Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды

Oinet.kz 23-08-2022 263

Screenshot_7.png

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Ең бастысы - Мемлекет басшысы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Осы орайда Президенттің тапсырмасымен "Мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар" бекітіліп, бүгінде жүзеге асырылуда.  Ұлттық жоспар 7 бағытты қамтитын 64 іс-шарадан тұрады, ол мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері.

Осы ретте Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығуы мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша мониторингтік жұмысшы топ құрылған. 

Жұмысшы топ Кентау қаласында орналасқан мемлекеттік мекемелерге қолжетімді орта қалыптастыру үшін әдістемелік көмектер көрсеттіп,  ереже жиынтығының талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш топтың қатарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар алынған. 

Мониторингтік топ 100-ге жуық мемлекеттік мекемеге зерделеу жүргізді. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық прокуратура, Қазақ-Неміс политехникалық және Кентау көпсалалы колледжі бейімдеуден өтті. Жастар ресурстық орталығы және «Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де, қалалық мәслихат ғимаратында бюджет есебінен қаражат қаралып, сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, қаладағы 27 мекемеде  мүегедектердің қолжетімділік стандартына сәйкес еместігі анықталды. Аталмыш мекемелерге  жыл соңына дейін мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға кіріп шығуы мақсатында қолжетімді орта қалыптастыруға ескерту жасалды.


Бірнеше топ өкілдерімен кездесу өтті
Кентау - жасыл қала!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу