Әкімнің халықпен жиі кезесуі оң нәтиже беруде

Oinet.kz 23-08-2022 249

Screenshot_4.png

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан  реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кезекті кездесуден кейін аудан әкімі Төлеген Телғараев  Бірінші Мамыр ауылдық округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

Қабылдауға келгендер негізінен ауыз су, жол, жайылымдық жер, ескірген электр бағаналарын ауыстыру мәселелерін көтерді. 

Зағамбар елді мекенінің тұрғыны халық ауыз су тапшылығын сезініп отырғанын, ауылдағы жер асты суларының қоры жеткілікті екенін, қосымша ұңғыма қажеттігін айтты. Бұған қоса, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мәдени ошағы іске қосуды сұранды. Бейнеткеш елді мекенінің орталық көшесін жөндеуден өткізіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар маңына жол кедергілерін орнатуды, жеке кәсіпкер бұрын балабақша орналасқан жерді аукцион арқылы сатып алып, халық игілігіне пайдаланатын нысан құрылысын жүргізуді көздеп отырғанын жеткізді. Тағайна елді мекенінің тұрғыны жайылымдық жердің жетпейтінін, электр жүйелерін жаңартуды, жолдарды жөндеу керектігін, ауыл тұрғындары өз қаражатына көпір құрылысын жүргізгенін, құрылысы аяқталған нысанның құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады. Бұған қоса, Тағайна жалпы орта мектебінің апатты жағдайда тұрғанын, мектепке жаңа ғимарат салып беруді өтінді. Жаңажол елді мекенінде жолдар жөнделгенімен, бірнеше қысқа жолдар жобаға енбей қалғанын, құжаттары рәсімделмеген  үйлерге ауыз су құбыры тартылмау қаупі бар екенін жеткізді. 

Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелері,  арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, оның орындалу кезеңі мен себебін түсіндіріп өтті. Мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына  тапсырды.

Жалпы Мемлекет басшысының жаңа жарлығына сәйкес, аудан халқымен кездесу төрт тоқсанға бөлініп, бекітілген кестеге сай, апта сайын ауданға қарасты елді мекендерде кезеңімен  тұрақты түрде өтуде. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізуде. Осы кезге дейінгі өткен басқосулардың көпшілігінде тұрғындар әлеуметтік нысандар маңына жол белгілерін орнатуды сұранып келеді. 

Аталған мәселе бойынша Төле би ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқтала кетсек: бүгінгі күні аудан аумағында жол жүру қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілері, бағдаршам, түнгі жарық, жол кедергілері және бейнебақылау камералары орнатылуда. 

Атап айтар болсақ,  жыл соңына 526 дана жол белгілері орнатылады. Ал, Ленгір қаласындағы  5 көшеге 13,4 шқ құрайтын көктемгі жол сызығы сызылды  күз мезгілінде бұл жұмыстар 2-ші рет жүргізілетін болады. Сондай-ақ, 1140 м2 жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) сызу жұмыстары жүргізіледі. Ленгер қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысы және Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Үшетай, Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылады. Аудандық полиция бөлімінің ұйғарымы негізінде 67 мектептің алдына және 29 мекен-жайға жол кедергілері қойылады. Сондай-ақ, 23 мекен-жайға 46 бейнебақылау камерасы орнату ісі былтырғы жылы басталып,  2022 жылы 31ші желтоқсанына дейін толығымен іске қосылатын болады.


Спорт кешені бой көтеруде
Төле биде 10000 тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу