Спорт кешені бой көтеруде

Oinet.kz 23-08-2022 332

Screenshot_3.png

Салауатты өмір салты - бұл дұрыс тамақтанып, денені  шынықтырып,  жаман әдеттерден аулақ болу арқылы денсаулықты жақсартуға арналған адам өмірінің тұжырымдамасы. Аталған жайтты назарға алған  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуды, барлық өңірлерде спорт кешендерінің құрылысын жүргізуді тапсырды. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», – деді ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында.  Мемлекет басшысының ел азаматтарының 35%-ы спортқа қатысуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмасы бар. Осыған байланысты қала аумағында әрбір қала тұрғынын спортпен қамту үшін көптеген спорт алаңдарының құрылысы жоспарланған. Себебі бұқаралық спортты дамыту дегеніміз – қолжетімді спортты дамыту.

Елімізде Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған арнайы кешенді жоспар да әзірленген. Спортты жүйелі дамытуды көздеген кешенді жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілген. Саланың басы қасында жүрген мамандар арқылы толықтырылған кешенді жоспар еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтереді деген үміт зор!

ҚР Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Төле би ауданы  Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі футбол алаңшасы мен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жақында аудан әкімі  аталған құрылыс нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстар  барысымен танысты.  Алаң мен кешен көлемі 2,5 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «А.Р.Т – Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңы 2,5 гектарды құрайды. Жобаның құны 508974,08 мың теңге. 

Аталған кешен құрылысына республикалық бюджеттен  қаржы қарастырылып,  спорттық нысан 2023 жылы  пайдалануға беріледі.

Футбол алаңы мен  спорт кешенінің құрылысының жұмысымен танысқан аудан басшысы Төлеген Телғараев  мердігер мекемеге бірқатар міндеттерді жүктеді.

Бірінші Мамыр ауылында балық шаруашылығы дамымақ
Әкімнің халықпен жиі кезесуі оң нәтиже беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу