Төле биде құрылыс қарқынды

Oinet.kz 24-08-2022 298

Screenshot_12.png

Жақында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Қасқасу ауылдық округі Керегетас елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме "Ақмешіт Мелиоратор" ЖШС -і жүргізуде. Бүгінгі күні елді мекенге 27.0 шақырым су құбыры тартылып,110 дана құдық орнатылып, көлемі 150 куб.метрді құрайтын 2 резервуар қойылған. "Жаңғақты" бұлағы басынан су аққы тартылуда. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда Керегетас және Қасқасу елді мекендерінің 140 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. 

Іс-сапар барысында аудан басшысы Нысанбек елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.  Нысанда  "СтройЖолСервис KZ" ЖШС 150 куб.метрден екі резервуар орнатып, тау бөктеріндегі "Қайнар" бұлағынан құбырлар жүргізген. Бұлақ басынан 130 диаметрлі  ауыз су құбырынан 90 куб метр су келеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 144 абонент тіршілік нәріне қол жеткізеді. 

Барлық сумен жабдықтау жүйесіне сыртқы қоршаулар салынып, бактерицидтік қондырғылар орнатылып, орналасқан аймағында түнгі жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, аталған аймақты күзететін қызметкердің жұмыс орны салынуда. Мердігер мекемелер қосымша резервуар айналасын бетондап, жолды тегістеп, асфальт төсеу қажеттігін ескере отырып, жұмыс жүргізуде. 

Ауыз су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің бастауы. Ауданның  географиялық орналасуы, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты тіршілік нәрі  үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Қазіргі кезде, аудан аумағындағы бұлақ көздері мен жерасты су ресурстарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, еңбек етудеміз дейді Төлеген Тұртайұлы.

  Мұнан соң әкім  Қаратөбе ауылдық округіне іс-сапармен барып, жаңа массивтерге жүргізіліп инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысымен танысты. 

Қаратөбе ауылдық округі - тау баурайында орналасқан, аудан орталығынан шалғай жатқан аумақ. Құрамында- Балдыберек, Қаратөбе, Қостөбе, Майбұлақ, Төңкеріс ауылдары бар. Округ халқының саны артуына байланысты, тұрғын үйлерге жер телімдерін бөлу максатында бас жоспарға сәйкес белгіленген жерге инженерлік коммуникация жүйелері тартылуда. 

Елді мекеннен 302 отбасына жер телімдері беріледі. Бүгінгі күні жаңа массивтерге ауыз су, электр жүйелері тартылды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме "Ақмешіт Мелиоратор" ЖШС жүргізіп, 21, 700 шақырым су құбырлары, 90 дана құдық орнатты. Сондай-ақ, электр жүйелерін мердігер мекеме "А.Мерей и К" ЖШС жүргізіп, 559 электр бағаналары мен 347 электр шамдарын орнатып, 20.0 шақырым электр желілерін тартып, 7 дана КТПН қойды. 

Аудан басшысы жаңа массивтерге жүргізілген инфрақұрылым жүйелерімен танысып, оның сапасына қатысты мердігер мекеме  мен тиісті бөлім басшылары ескертулер айтып, құрылыс жұмыстарының жобада көрсетілген мерзімде аякталуын талап ете отырып, тапсырма берді. 

Кейіннен әкім Аққұм ауылдық округіне қарасты Ащы көшесіндегі орта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған көшенің 1.17 шақырымына асфальт төсеу ісін "Бірлік" ЖШС жүргізсе, оның техникалық сапасын "Мир строй и компания" ЖШС қадағалауда. 

Айта кетерлігі, Ащы көшесінің тұрғындары жеке қабылдауға келіп, асфальт төсеу қажеттігі жөнінде өтініштерін айтқан болатын. Аудан басшысы  халықтың жай-күйін ескере отырып, сала мамандарына арнайы тапсырма беріп еді. Зерделеу нәтижесінде аталған көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізу қажеттігі анықталып, оның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу ісі қарқынды жүргізілуде.

Бұқаралық спортты дамыту - басты мақсат!
Киелітастықтармен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу