Бұқаралық спортты дамыту - басты мақсат!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. "Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім.
Төле би ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы жүйелі орындалып келеді. Жақында Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйінде Бірінші Мамыр ауылдық округінің спорттық ойын түрлері бойынша ұйымдастырылатын, «Бірінші Мамыр біріншілігі» жобасының тұсау кесері өтті.
Бірінші Мамыр ауылдық округінің спорттық ойын түрлері бойынша ұйымдастырылатын, «Бірінші Мамыр біріншілігі» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі №228- V ҚР заңын орындау
- балалар-жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау;
- мектеп жасындағы оқушыларды спортқа тарту;
-салауатты өмір салтын насихаттау;
- балаларды темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, балалар-жасөспірімдер қылмысы, діни экстремизм сияқты зиянды әдеттерден спорт арқылы көңілін аудару;
-рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
- спорттық ізбасарларды қалыптастыру үшін дарынды ойыншыларды табу;
-өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру;
-округте дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;
- жастардың денсаулығын нығайтуға арналған дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамыту;
- спорт түрлерін өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Ұйымдастырылған тұсау кесер рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары, Төлеби аудандық №1,2,3 балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің орныбасарлары мен жаттықтырушылары, адами әлеуетті дамыту бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәдерінің әдіскері мен аудандағы мектептердің аймақтық бөлінісітерінің бас дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, округтегі 7 жалпы білім беру мектептері директорлары орынбасарлары мен дене шынықтыру пәндерінің ұстаздары және спортшы жастар қатысты.
Жобаның мақсаты мен жүзеге асуы бойынша округ әкімі Ханай Әшірбеков баяндама жасап, презентациясын ұсынды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
«Бірінші Мамыр біріншілігі» жобасының ұйымдастырылып өткізілуіне, Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігі басшылық жасайды.
Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігі мен аудандық балар және жасөспірімдер спорт мектептері спорт түрлері бойынша жарыстарға төрешілік ететін төрешілерді және төрешінің көмекшілерін бекітеді. Бірінші Мамыр ауылдық округінің мектептері оқушыларынан командаларды жасақтайды.
Жобаға Бірінші Мамыр ЖОББМ мен Әл-Фараби атындағы ЖОББМ өзге мектеп оқушыларын қосып қатысуына тиым салынады (мектептегі оқушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің саны көп болуына байланысты). Егерде осы мектептерден бөтен ойыншы қосып ойнаған команда анықталса ойыннан шеттетіледі. Алғабас, Жаңажол, Тағайна, Ынтымақ, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ командаларына волейболдан 3, футболдан 2 легионерден артық емес ойыншыларды ұйымдастырушылармен алдын-ала келісіп, Төлеби ауданының басқа мектеп оқушыларын қосуларына рұқсат екені айтылды.
Жарыстардың қорытындысы бойынша әр спорт түрінен І-ІІ-ІІІ орын иеленген жеңімпаздар командалық есепте Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігінің атынан арнайы дәрежелі диплом, кубок, медальдармен марапатталады.
Жобадағы тағы бір ерекшелік үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған оқу-жаттығу жиының өткізу, бұл іс-шара спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандырып, жоғарғы көрсеткіштерге жетелейді деген үміт басым.