Сүтті бағыттағы ірі қара өсіру қолға алынған

Oinet.kz 24-08-2022 325

Screenshot_6.png

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс. Елімізде осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" әзірленген.  Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру,  отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн. ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруға қол жеткізу қажет.

Осы ретте Төлеби ауданында жеңіл өнеркәсіп саласы өркендеп келеді. Аудан аумағында сүт өнімдерін дайындайтын екі ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Сондықтан болар, сүт өнімдеріне деген сұраныс күн санап арта түсуде. Шаруалар өз кезегінде cүтті бағыттағы ірі қара өсіруді қолға алып, бүгінде бұл жұмыс қарқынды жүзеге асуда. 

Сондай фермалардың бірі  – Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Болашақ нұры» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. 2010 жылы ашылған шаруа қожалығы алғашында етті бағыттағы ірі қараны өсіру ісімен айналысқан.  Кейіннен Алтай өңірінен асыл тұқымды ірі қара әкеліп, сүтті бағыттағы мал өсірумен айналысуға ден қойған. Бүгінгі таңда 200-ге жуық сиыры бар. Күніне 1,5 тонна сүт сауып, литрін 190 теңгеден  сауда орындары, кәсіпорындарға өткізіп, 15 адамды тұрақты  жұмыспен қамтып отыр. 

АӨК төрағасы Миразиз Мирсидиковтың айтуынша былтыр қуаңшылыққа байланысты жем-шөп тапшылығы орын алған. Ал, биыл шөп бітік шыққан. Өткен жылдан сабақ алған кәсіпкер  Арыс қаласы Ақдала елді-мекенінен 300 гектар жайылым және шөп егетін егістік жер сатып алған. Нәтижесінде жыл басынан бері 27 мың пресс мал азығын жиып үлгерген.


Төле биде спорт кешендері көбейіп келеді
Жыл басынан бері 17 рет кездесу өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу