Төле биде спорт кешендері көбейіп келеді

Oinet.kz 24-08-2022 330

Screenshot_5.png

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижесіне  сүйенер болсақ, адам денсаулығының жақсы болуының  50 пайызы оның ұстанатын  өмір салтына байланысты екен.  Яғни, деніңіз сау болу үшін ең бірінші кезекте оны күту керек. Салауатты өмір салтын қалыптастырып -  шынығу,  табиғатта серуендеп,  таза ауада жаяу  жүру арқылы көптеген дерттердің алдын-алуға болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Халыққа арнаған Жолдауларында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақырып, бұл бағытта кешенді жұмыс жоспарын ұсынды. Себебі, Ата Заңда  мемлекеттің ең басты байлығы – адам және оның  денсаулығы деп көрсетілген. Ал, халық денсаулығы - басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылады. Денсаулық жағдайы жақсы халық қана мықты мемлекеттің іргесін қалыптастыра алады. Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет. Өз Жолдауында "Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз",- деген Президенттің апсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім.

Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру  керек. Осы бағытта Төлеби ауданында көптеген игі істер атқарылуда. Мәселен, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында ағымдағы жылға құны 608 миллион теңге болатын Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық - сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына республикалық бюджет есебінен 111 миллион теңге қаржы қарастырылды. 

Сонымен қатар, Көксәйек елді мекеніндегі жоба құны 926 миллион теңге болатын және Мәдени елді мекенінде құны 521 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамаларының оң қорытындылары алынып, құжаттары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынылды.

Биылғы жылға аудан бюджеті есебінен Сұлтан Рабат елді мекеніндегі спорт алаңшасын қоршауға 11,1 миллион теңге, Ұзынарық елді мекеніндегі спорт алаңына газон төсеуге 5,5 миллион теңге және Зертас елді мекенінде спорт алаңшасын орнатуға 10,7 миллион теңге, Ленгір қаласында 3 жерге ашық футбол және баскетбол алаңшаларын орнатуға 37 миллион теңге қарастырылды.

Айта кетерлігі, былтырғы жылы аудан аумағында  14 стрит-воркаут қондырғылары (Ленгір, Алатау, Көксәйек, Қаратөбе, Қасқасу және Қоғалы ауыл округтерінде) орнатылды.

Аталған жобаларды іске асыру арқылы спорт инфрақұрылымдарын, оның ішінде шалғай елді мекендерде демеушілер есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр.

Ауылдықтар коммуналдық мәселелерді көтерді
Сүтті бағыттағы ірі қара өсіру қолға алынған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу