Түркістанда 20 балалар алаңшасы салынады

Oinet.kz 10-08-2022 245

Screenshot_41.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды – Балалар жылы деп белгілеп, балаларға баса назар аударуды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облыс орталығы атанғалы кішкентай тұрғындарды ұмыт қалдырмағаны қуантады. Бұл ретте балаларға жайлы орта жасау мақсатында Түркістан қаласында балалар алаңдарын орнатуды қарастыратын 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандардың барлығын ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, 30 ойын алаңшасымен қамтып, 33 көпқабатты тұрғын үй аулалары абаттандырылып, алаңшалар салынады.

 Түркістан қаласында ойын алаңшалары саны артып келеді. Өңір басшысының тапсырмасымен инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков орталықтағы жұмыстар барысын бақылап, «Яссы» секторының І.Қожабаев көшесіндегі және «Бірлік» секторындағы балалар ойын алаңшаларын көріп, жұмыс сапасын тексерді. Қазіргі таңда қаланың бірнеше аумағында балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар, шағын ойын алаңшалары салынуда. Жыл басынан бері шаһарда оннан астам балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жиырмаға жеткізу көзделген. Атап айтқанда, «Яссы» мөлтек ауданындағы Сақ қорған көшесі, Баянауыл мектеп орны, Керей хан көшесінде, «Шауғар» мөлтек ауданындағы Ғ.Мұратбаев мектебі мен Абылай хан көшесінде жасақталуда. Сонымен бірге Кентау тас жолы бойы мен «Бекзат» секторында да балаларға арналған ойын алаңшалары салынып, тұрғындар игілігіне беріледі.


Мемлекеттен қолдау көрген жастар көп
Тұрғындардың өтініші орындалатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу