Мемлекеттен қолдау көрген жастар көп

Oinet.kz 10-08-2022 247

Screenshot_40.png

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы  жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Жұмыссыздықтың басты себептерінің бірі мамандығының сұраныста болмауы не болмаса жұмыссыз адамның мүлдем мамандығының болмауы. Қазіргі таңда үшінші мегаполистің экономикалық әлеуеті артып келеді. Қалада зауыт-фабрика, өндіріс орындары артуда. Бұл дегеніміз көптеген жұмыс орнының ашылуы және жаңа мамандықтарға деген сұранысты арттырады. Міне, осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында ұлттық жобаның кәсіби білім беру деген бағыты бар. 

Бүгінде кәсіп ашу жұмыссыздықпен күрестің басты құралына айналып отыр.  Өйткені барлығына мемлекеттік мекемеден жұмыс тауып беру мүмкін емес. Әрі кәсіп ашу жұмыссыздықты азайтумен қатар қаланың экономикасының дамуына да ықпал етеді.  Сол себепті кәсіп ашамын, бизнес бастаймын дейтін азаматтарға қолдау көп. Мәселен «Бастау Бизнес» жобасы жастарды кәсіпкерлік негіздерге оқытады.  

Түркістан облысында 478 471 жас бар, ол жалпы халықтың 23,3%-ын құрайды. Оның ішінде 81%-ы ауыл жастары. Жұмыссыз жастар саны — 14 751. Бұл жастардың 3,1%-н құрайды. Бірінші шілдедегі жағдай бойынша 14 688 жас жұмыспен қамтылған. Биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 32 115 жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ағымдағы жылы жоспар бойынша 1553 грант беру жоспарланған.Аталған грантқа қол жеткізу үшін «Бастау бизнес» жобасы аясындағы оқытудан өтіп, сертификат алу керек. Өтініш берушілердің жасы 29-ға дейін болу керек. Қайтарымсыз гранттың мөлшері 400 АЕК (1 225 200 тг) құрайды. Осы орайда, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев NEET жастар санатында болған, екі қолға бір күрек таппай жүріп «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмысқа орналасқан жастармен кездесіп, олардың жұмысымен жіті танысты.Ақерке Абдуқадырқызы «Алтын ине» шеберханасы бизнес-жоспарын ұсынып, 1 225 200 тг. көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болған «Балауса» қыз жасауы дүкенін ашты. Қазіргі таңда түркістандықтардан бөлек, республика тұрғындарын өз қолымен жасаған бұйымдарымен қамтып отыр. Оған қоса, 6 замандасы осы шеберханада жұмыс істеуде. Жас шебер мемлекет қолдауына разы.

Балаларға қамқорлық жалғасады
Түркістанда 20 балалар алаңшасы салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу