Балалардың жазғы демалысы тиімді өтуде

Oinet.kz 02-08-2022 244

Screenshot_33.png

Өмірде адамның саулығын жақсартып, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан халқымыз ежелден денсаулықтың қадiрiн жете түсiнiп, оны басты байлыққа балаған. Сол себепті де «тәні саудың – жаны сау» деп текке айтпады. Әрине тән саулығы ол – спорт.

   Халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтары мен ауылдарда спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн.Жастардың қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды» деп өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне және оларды спортқа баулу керектігіне басты назар аударған болатын.

Президент жүктеген тапсырмаса сәйкес және «2022 жыл- Балалар жылы» және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына орай Түлкібас ауданы, Машат шатқалында «Машат-Арасан», «Отырар», «Б.Саттарханов» балалар лагері және «Самал» балалар үйінің жастары мен жасөспірімдері арасында асық ату, нысана көздеу және арқан тартудан жарыстар өтті.

Лагерде демалушы балалар арасында өткізілген жарыстардың нәтижесінде жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Түлкібаста астыққа орақ түсті
Түлкібаста биыл 3 мектеп пайдалануға берілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу