Ордабасылық шаруалар тамшылатып суару әдісіне көшкен

Oinet.kz 03-08-2022 337

Screenshot_16.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесуі" туралы Жарлығына байланысты Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов кезекті іс-сапарын жасады. Бұл жолы аудан басшысы  Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. 

Абаттандыру, асфальттеуді қажет ететін ауыл көшелерін аралаған аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарын тез арада аяқтауды тапсырды. 

Сондай-ақ, аудан басшысы кезекті ауыл аралау барысында жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылыс алаңында болып, рухани, мәдени орталықтың ауыл халқына аса қажет екендігіне тоқталды. 

Нұрбек Бақтыбайұлы әр кездесуде ауданның ауыл шаруашылық саласындағы көрсеткішін жоғарылатуда жаңа технологияларды өндіріске көптеп іске қосуды жиі айтып келеді. Осы реткі сапарында Қарақұмдағы жеке кәсіпкер Самат Сұлтановтың тамшылатып суару әдісі арқылы іске қосқан 24 соттық үйіргелік құлпынай бағымен танысты. 

“Техногендік жағдайларға байланысты ағын су мәселесі жыл өткен сайын қиындап барады. Сондықтан шаруаларды егістік суаруда қаржы мен уақыттан ұтылмайтын жаңаша әдіске көшуге шақырамын. Ауыл шаруаларының Саматтың салиқалы жұмысынан үйренері көп”, деді аудан әкімі тұрғындармен кездесуінде. 

Аудан басшысы күрделі жөндеуді қажет ететін “Құрманбек” каналының басына барып, салаға жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. 

Сонымен қатар кездесу барысында ауылдағы сапасыз электр жарығы, көгілдір отын, жол сапасы бойынша талап-тілектер тыңдалып, аудан әкімі аталған мәселелерді сараланып, арнайы жол картасы әзірленетінін жеткізді. 

Диханға әкім келді
Әлеуметтік нысандарды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу