Кәсіпкерлердің құқығы тапталмайды
Игерілмеген жайылымдық жер — еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылымдық жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді нықтап тапсырған болатын. Еліміздегі жайылымдық жерлердің 40 пайызға жуығы ғана мал шаруашылығы үшін пайдаланылады. Ал қалған 60 пайызы бос жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударып еді. Үкімет құзырлы органдармен бірлесе отырып, жайылымдық жерлер мәселесін шешу әрі тиісті заң жобасын әзірлеу қажеттігін баса айтқан болатын.
Осы орайда Ордабасы ауданының прокуратурасы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы «Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің және осы бағыттағы өзгеде нормативтік құқықтық актілерін қолдану кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау мәселелері» тақырыбында мәжіліс өткізді.
Мәжіліске аудан әкімдігі, Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаменті, Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мамандары және кәсіпкерлер қатысты.
Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығымен айналысушы өңір болуына байланысты кәсіпкерлер жер пайдалану кезінде көптеген мәселелерге тап болады, атап көрсеткенде жайылымдарды ортақ пайдалану немесе өзге жеке тұлғалармен жерді заңсыз пайдалану мәселелері.
Ауданның жер көлемі 265 561га құрайды.
Оның ішінде:
- ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша – 218 234га (егістік – 87 348 га, көп жылдық екпелер – 1 805га, тыңайған жерлер – 4758 га, жайылымдық жерлер – 111 196 га, өзге а/ш жерлері – 13127 га);
- елді мекендердің жерлері – 21 163га;
- өнеркәсіп және т.б. мақсаттары бойынша – 3 007га;
- орман қорының жерлері – 4 821га;
- су қорының жерлері – 8 522га;
- босалқы жерлер – 3 684га.
Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органымен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесімен ортақ жайылым көлемі 8 679-дан 17 317 гектарға жеткізді.
Атап көрсеткенде, аудан прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде:
- 2511,7га жайылым жер (2021ж. – 1157,8га, 2022ж. – 1355,9га) ауданның арнайы жер қорына қайтырылып, ортақ жайылым ретінде ауыл тұрғындарына берілген;
- нысаналық мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан 21 уақытша өтеулі иелігіндегі 2 230га жайылымды игеруге қайта кіріскен;
- 2 003,91га көлеміндегі 14 жайылымды мәжбүрлеп алу туралы талап арыз аудан әкімдігімен сотқа берілді, қазір қаралу сатысында.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 3-бабы 2-тармағы 1,2,3-тармақшаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары заңдылық, кәсіпкерлік еркіндігі, кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі болып табылады.
Ағымдағы жылы аудан әкімдігімен құрылған мобильдік топпен жерді және оның қойнауын пайдалану бойынша 7 заңдылықты бұзушылықтар анықталып, олар бойынша құзырлы мекемелермен шара қабылданған.
Мұндай жағдайлар заңды кәсіп иелерінің құқықтарын шектейді, олардың еркіндігі мен теңдігі бұзылады.
Мәжіліс нәтижесімен кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді болдырмау және олардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жоспары түзіліп, құзырлы органдарға орындау үшін жолдау шешілді.