Қарақай ауылдық округінің өзекті мәселелері талқыланды

Oinet.kz 13-07-2022 541

Screenshot_13.jpg

Қарақай ауылдық округінің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалымен өткен жиында Қарақай ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.

Қарақай елді мекені ішіндегі тозығы жеткен тік дренаж анықталып, қазіргі таңда коммуналдық меншікке алу үшін құжаттар рәсімделуде. Алдағы уақытта, құжаттар рәсімделіп, тік дренаждар орнату жұмыстарына СЖТ (АПЗ) жасақталып, жобалау сметалық құжаттама жасалатын болады.

Қарақай елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін жер телімінің оң қорытындысы алынған. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің теңгеріміне шешім шығаруға және мемлекеттік АКТ алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Еңбек елді мекеніндегі ұзындығы 700 метрді құрайтын Құттымекен көшесіне ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда  пайдалануға берілді. Нұрлы жол көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған.

Қылмыстың алдын алу бойынша мекемеаралық жиын өтті
Аудан тұрғындарының мәселелері назардан тыс қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу