Асықата кентінде тік дренаж мәсеслесі өз шешімін табуда

Oinet.kz 04-08-2022 745

Screenshot_2.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.

Осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2022 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының есептік кездесуі Асықата кентіндегі «Корпороция Ақалтын» ЖШС ғимаратында, ашық аспан астында өтті.

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тойым Жүнісов, мәслихат депутаттары Гүлжан Убайдина мен Марат Ділдабеков, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Мейірман Халыков пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары,жергілікті тұрғындар қатысты.

Асықата кентінде 1774 адам жер учаскесінің кезегінде тұрады. Өзекті мәселенің шешімін табу үшін «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес, 09.04.2021 жылғы Жетісай ауданы әкімдігі және Жетісай аудандық мәслихатының №345 және №6-36-VII санды «Жетісай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір» мәселелері туралы Жетісай ауданы, Асықата кенті әкімшілік шекарасына Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан 336,13 гектар жерлерін қосу жолымен Асықата кентінің әкімшілік шекарасын 700,07 гектарға өзгертіліп, бірлескен қаулымен шешімі қабылданған.       Казіргі таңда Жетісай ауданы әкімдігінің атынан бірлескен қаулымен шешімін 09.09.2021 жылғы №230-01/01-26/858 санды шығыс хатымен Түркістан облысының әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатына түпкілікті бірлескен шешімін қабылдау үшін ұсынылған. 

Асықата кентіне қарасты 39 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы көлемі жасақталған. Алдағы уақытта бюджет мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Асықата кентінде тік дренаж салатын орындар белгіленіп, мемлекеттік актісі алынған. «Қазсушар» РМК Түркістан облысының Жетісай аудандық тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесіне тік дренаж салатын орынның мемлекеттік актісі және құрылысын жүргізуге ұсыныс берілген. Қазіргі уақытта Асықата өңірінде 210 дана, соның ішінде Асықата кентінен 2 дана тік дренаждардың сметалық – жобалары “Жер-Ана” ЖШС мекемесі тарапынан дайындалып, мемлекеттік сараптамаға (экспертиза) тапсырылған.

Кездесу барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға кезекпен жауаптар беріліп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін  жеке қабылдау өткізілді.

Айтылған әрбір ұсыныстар мен өтініштердің аяқсыз қалмайтынын айтқан аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын өзбақылауында ұстайтындығын айтты. 

Ауыл шаруашылығы тауар өнімөндірушілері мен қолөнершілердің көрмесі өтті
Бірде-бір заңбұзушылық прокуратура назарынан тыс қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу