Кезекті кездесу Қазыбек би ауылдық округінде өтті

Oinet.kz 28-07-2022 362

Screenshot_4.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Қазыбек би ауылдық округі тұрғындарымен Қазыбек би елді мекенінде орналасқан №17 «Түркістан» ЖОМ ғимаратында кездесу өткізді.

Ашық аспан астында өткен басқосуға аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.

Тұрғындармен жүздесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті. Сонымен қатар, кездесуде Мұрат Болатұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, ауылдық округтегі II тоқсанда кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысын айтып өтті. 

2021 жылы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов елді мекеніндегі ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын Қ.Манапбек көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ә.Оспанов елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 9,2 шақырымды құрайтын Ж.Қараев, Қабылан ата, Мереке, Жұлдыз, Нұра, Жеңіс, Жігер, С.Тастанов, Қызылжар, Ш.Айманов, Жаңақұрылыс №7, Ақбұлақ, Қарекет көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары жасалынып, облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылған.

Қазыбек би елді мекенінен жаңа мектеп құрылысын салу мақсатында Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан 3 га жер телімі қарастырылып, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі теңгеріміне пайдалану құқығымен беру жөнінде хат жолданған. Қазіргі таңда Жетісай аудандық жер кадастры бөлімімен жерге орналастыру жобасы және мемлекеттік акті дайындалуда. 

Алғабас елді мекені бойынша ФАП салуға арнайы жер телімі бөлініп, жер бөлу комиссияның оң шешімі алынып, мемлекеттік акт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ә.Оспанов елді мекеніндегі тозығы жеткен 85 дана электр бағаналары мен ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын электр  желілері «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің инвстициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

Кездесуде округ тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, толғандырған барлық мәселелерге аудан басшысы кезекпен жауап берді. Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қанағаттандыру үшін тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы” жарлыққа қол қойды. Құжатта “Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін” деп жазылған.

Жарлық бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет “әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу”, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі “қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу”, аудан әкімі “әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу” өткізуі тиіс.

Бірде-бір заңбұзушылық прокуратура назарынан тыс қалмайды
Жетісай ауданы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу