Жетісай ауданы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Oinet.kz 27-07-2022 329

Screenshot_5.jpg

Президенттің "Халық үніне құлақ асатын Үкімет" тұжырымдамасына сәйкес, Жетісай ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлы тұрғындардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Жеке қабылдауға дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Аудан басшысының қабылдауында Жетісай қаласы, Қарақай, Қазыбек би ауылдық округтерінің тұрғындары болып, өздерін толғандырған мәселелері мен өтініштерін жеткізді.

Жеке қабылдауда көбіне тұрғын үй алу және оның кезегі мен жұмысқа орналасу мәселелері қозғалды. Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі заң аясында кеңестер беріп, мәселенің шешу жолдарын ұсынды.

Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына барып,  «Жұмыспен қамту» кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар.

Тұрғындардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапса, анықтауды қажет ететін мәселелерді жауапты бөлім басшылары мен мамандарға көп күттірмей шешуді қадап тапсырды.

Сонымен қатар, Қазыбек би ауылдық округінің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалымен өткен жиында Қазыбек би ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.

2021 жылы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов елді мекеніндегі ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын Қ.Манапбек көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ә.Оспанов елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 9,2 шақырымды құрайтын Ж.Қараев, Қабылан ата, Мереке, Жұлдыз, Нұра, Жеңіс, Жігер, С.Тастанов, Қызылжар, Ш.Айманов, Жаңақұрылыс №7, Ақбұлақ, Қарекет сынды 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары жасалынып, облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылған.

Ә.Оспанов елді мекеніндегі тозығы жеткен 85 дана электр бағаналары мен ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын электр  желілері «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

Қазыбек би ауылдық округінде елді мекен ішінде тік дренаждар орнату мақсатында, қазіргі таңда жер телімдері анықталып,құжаттар рәсімделуде. Тік дренаждар орнату жұмыстарына СЖТ (АПЗ) жасақталынуда. Алдағы уақытта СЖТ (АПЗ) жасақталғаннан соң, жобалау сметалық құжаттамасын жасауға қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.

Айта кетейік, аудан әкімі Мұрат Болатұлының Қазыбек би ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 28 шілде күні сағат 10:00-де №17 «Түркістан» ЖОМ ғимаратында өтеді.

Кезекті кездесу Қазыбек би ауылдық округінде өтті
Діни сауатты арттыру - қоғамдағы ішкі ахуалды реттейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу