Аудан тұрғындарының мәселелері назардан тыс қалмайды
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңінен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Осы орайда Жетісай ауданы әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлы тұрғындардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Жеке қабылдауға аппарат басшысы мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.
Аудан басшысының қабылдауында Жетісай қаласы, Қызылқұм, Ш. Ділдәбеков, Жылы су ауылдық округтерінің тұрғындары болып, өздерін толғандырған мәселелері мен өтініштерін жеткізді.
Жеке қабылдауда көбіне тұрғын үй алу және оның кезегі, көшелерді жөндеуден өткізу мен жарықтандыру, әлеуметтік көмек алу, егістік жер алу мәселелері қозғалды.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі заң аясында кеңестер беріп, мәселенің шешу жолдарын ұсынды.
Тұрғындардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапса, анықтауды қажет ететін мәселелерді жауапты бөлім басшылары мен мамандарға көп күттірмей шешуді қадап тапсырды.