Қылмыстың алдын алу бойынша мекемеаралық жиын өтті

Oinet.kz 09-07-2022 379

Screenshot_12.jpg

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігне органдарды цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеген еді. Қылмыстарды болдырмау мақсатында оның алдын-алу, ал егер болған жағдайда істі тезірек ашу үшін қолдағы бар ресурсты нәтижелі пайдалануды тапсырды. 

Осы орайда Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстылықтың алдын алу бойынша мекемеаралық жиналыс өтті.

Жиынға  аудан әкімі  Мұрат Болатұлы мен  аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Айдархан Жорықбайұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров  пен  аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, аудан прокурорының орынбасары мен аудан прокуратурасының прокурорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. 

Мәжілісті  аудан прокуроры Айдархан Жүнісбеков жүргізді. 

«Құқықбұзушылық профилактикасы, және жол көлік оқиғаларының алдын алу жағдайы» бойынша Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Мұхтар Әлжанов баяндама оқыса, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Прімбеков пен Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров, аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмештен жоғарыда аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстардың   есебі тыңдалып, талқылау жүргізілді.

Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров пен аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмештің қылмыстың алдын алу бойынша арнайы камераларды орнату туралы ұсыныстары қаралды. Алдағы уақытта аудан көлемінде арнайы сергек камералары қойылатын болады.

Жиналыстың қорытындысына сәйкес, құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісінше тапсырмалар берілді. Аталған тапсырмалар көрсетілген мерзімдерінде орындалмаған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатындығы туралы қатаң ескертілді.

Мақта дақылын суғару жұмыстарын жеделдетіледі
Қарақай ауылдық округінің өзекті мәселелері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу