Түркістан жасыл желекке айналады

Oinet.kz 15-06-2022 387

Screenshot_4.png

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды аралап, жұмыс барысымен танысты. Әсіресе облыс орталығының  көгалдандыру жұмыстарын қадағалады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ел назарына ұсынғаны белгілі. Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударған болатын.

Аталған жолдаудың 7-ші бөлімінде ел Президенті еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызатыны туралы баяндаған. Осыған орай Түркістан қаласында «Жасыл белдеу» қалыптастыруға, қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға баса мән беріліп келеді. Қазіргі таңда саябақ мен гүлзарлар саны 60-қа жетті. Көгал аумағы  2,5 млн. шаршы метрден асады. Жасыл желекті суғару бойынша жерасты суы мен Арыс-Түркістан каналының суын барынша тиімді пайдалану қолға алынды. Облыс әкімі қаланы абаттандыру, арықтар мен каналдардың жұмысын жүйелеу жөнінде тапсырма берді. 

Бүгінде шаһардағы 200-ден астам көше ирригациялық арық арқылы суғарылуда. Оған гидрантты жүйелер пайдаланылады. Жоспар бойынша биыл облыс орталығында 250 мың ағаш көшеті мен 128 гектар көгал егіледі. Жыл басынан бері 500 мың шаршы метр аумаққа көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, 100 мыңнан аса көшет отырғызылды. Қаланың «Ботаникалық бақ» аумағы жағынан су тазартылатын №1, №2 су қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде. Оған Р-33 каналынан су алынады.

Түркістан қаласын одан әрі жақсарту мақсатында 2021-2022 жылдар аралығында 269,2 шақырымды қамтитын 216 көшеге жарықтандыру  жүргізу жоспарланды. Қазіргі таңда 124 көшеде жарықтандыру  толығымен іске қосылып, қалған 92 көшені электрмен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысы одан кейін ескек есу базасында болып, жұмыс барысымен танысты. Өмірзақ Шөкеев ескек есу каналының суының сапасын қадағалап, абаттандыру жұмысын да күшейтуді тапсырды. Бұл базада су спорт түрлері дамиды. Ірі халықаралық жарыстар өтеді деп күтіліп отыр. 

Зейнеткерлерге қамқорлық көрсетілуде
Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу