Спорттың дамуына кәсіпкерлер де ат салысуда

Oinet.kz 18-08-2021 397

Screenshot_8.png

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын, жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажет екендігін атап өткен болатын.Осы орайда, еліміздегі үшінші мегаполисте бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында іс-шаралар атқарылуда. Жұмыс барысын БАҚ өкілдерімен бірге бақылаған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мемлекеттік тапсырыспен жан басына қаржыландыру жобасына қамтылған бірқатар жекеменшік спорттық нысандарды аралады.

Іріктеуден өткен білікті өнім берушілердің бірі «Эталон Клининг» ЖШС-гі «STRONG» фитнес орталығын жалға алу арқылы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасауды бастапты. Спорт кешенінің жалпы ауданы 950 шаршы метрді құрайды. Кәсіпкер бокс және таеквондо спорт түрінен 160 балаға өтінім жолдап, осы жылдың 3 шілдесінен бастап жұмысқа кіріскен. Қазіргі таңда 110 ата-анадан өтінім түсіп, олардың арасында  келісім-шарт жасалған.

Бүгінгі таңда қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн теңге қаржы бағытталған. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады. Бүгінде, балаларын тегін спорттық секцияға қатыстыру үшін 3 мыңнан астам ата-анадан өтінім түсіпті.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың мамыр айында «Бала» сандық платформасы іске қосылды. Бұл платформаға  artsport.edu.kz мекенжайы арқылы кәсіпкерлер, жаттықтырушылар және қаланың әрбір тұрғыны ата-ана ретінде өтінім жолдай алады. Ата-ана балаға арналған шығармашылық немесе спорттық үйірмеге өтініш беріп, ваучер (бірегей нөмір) алады. Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт клубы жұмыс істейді.


 


Қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде
Екі шағын аудан сапалы интернетке қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу