Абай дана, Абай дара қазақта!

Oinet.kz 11-08-2021 715

1.jpg

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. 

Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.

Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Осындай Ұлы тұлғамызды дәріптеп, үлгі тұту біз бен сізге парыз. 

Осы орайда Шардара аудандық мәдениет үйінде "Абай дара, Абай дана қазақта" атты мәдени іс-шарасы өтіп, шараға аудандағы зиялы қауым өкілдері мен аудан өнерпаздары қатысты. Бұл туралы шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында ақын Қанат Дауылбаев "Абай ескерткішінің алдындағы" Ой" өлеңін оқыса, "Ақ әжелер" халықтық ансамбілі мен аудан өнерпаздарары Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының жарқын туындысы "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындады.

Сондай-ақ, Ұлы ақынның ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылды.


Карантин талаптарын бұзған мейрамханаларға шара көріледі
Төлебилік тұрғын 10 мыңға жуық балық өсіруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу