Бәйдібек: 112 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Oinet.kz 03-09-2020 500

Тоқаев: Мұқтаждарға үй беру қолымыздан келмей ме? - Қазақстан жаңалықтары |  STAN.KZ

Бәйдібек ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бюджет есебінен салнған үйлер мемлекет тарапнан кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға берілетін болады.

Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 422 адам, оның ішінде:

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 50; 

-  әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар – 222;

- алтын, күміс алқалар, батыр ана, көпбалалы отбасылар – 48;

- мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер – 92;

- авариялық жағдайдағы үйі барлар – 9, ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары - 1. 

Ауданның коммуналдық меншігіндегі үйлер саны – 80, олардың барлығы 2018 жылға дейін салынған үйлер.

Салынған үйлердің барлығы заң шеңберінде кезекте тұрған азаматтардың пайдалануына берілген.

Одан бөлек, Шаян, Боралдай, Мыңбұлақ елді мекендерінен әр қайсының құны 80,0 млн.теңгені құрайтын 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы сатып алынды.

Сонымен қатар, Шаян елді мекенінен 2019 жылы 2 қабатты 16 пәтерлі 7 тұрғын үйге және тұрғын үйлердің сыртқы абаттандыру және инженерлік жүйелеріне жоба әзірленді. Аталған жобалардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген жағдайда 112 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бәйдібек: Жер телімдерін бөлу мәселесі қаралуда
Сарыағаш: «Жолдау - ұлттың жаңа болмысын қалыптастырады!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу