Бәйдібек: Елдімекендерде ауыз су жүйелерінің құрылысы жалғасуда

Oinet.kz 03-09-2020 661

Ауыз су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау | Шығыс  Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық  мекемесі

Бүгінде аудандағы 52 (53945 адам) елді мекеннің 78,8 пайызы (41 елді мекен, 48575 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда 2 елді мекенде (Алмалы, Алғабас) ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нысандар 2020 жылғы қараша айында пайдалануға берілген соң, аудан бойынша ауыз су құбырымен қамтылатын елді мекендер саңы 43 (82,7 пайыз) болады.

Ауыз су құбырымен қамтылған 41 елді мекеннің ішінде 39-ында ауыз су берілсе, 2 елді мекенде (Шақпақ, Сарқырама) ауыз су берілуі тоқтап тұр.

- 2 ауыл (Ақбұлақ, Нұра) өздігінен шығып жатқан жерасты суын пайдаланып отыр.

- 3 елді мекен (Ақжар, Жаңаталап, Жұлдыз) жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары әзірленіп, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы сұралуы жоспарлануда;

- 4 елді мекен (Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай) шалғайда орналасқандықтан, экономикалық жағынан тиімсіз болып саналады.

Аудан орталығы Шаян елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 10 554,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңға мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Архитектор «Құрылыс тобы» ЖШС-нің тарапынан ЖСҚ-сы әзірлену үстінде.

Сарқырама елді мекеніндегі тұрғылықты халықтың сұранысына сәйкес, аудандық бюджеттен бөлінген 3 120,0 мың теңге қаржыға елді мекендегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның құны 214 169,0 мың теңгені құрайды. Жоба 2020 жылғы облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған.

Шақпақ елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланымдағы тозығы жеткен ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Ол үшін бүгінгі таңға «Бәйдібек Су» МКК-ның тарапынан ақау актісі түзілуде. Ақау актісі дайындалып болған соң, ЖСҚ-ын әзірлеуге қажетті қаржысы жоғарыда тұрған бюджеттен сұралуы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың маусым айындағы аудандық бюджетті нақтылау барысында, Ақбастау, Шалдар, Амансай елді мекендеріндегі пайдаланымдағы ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 17 225,0 мың теңге қаржы бөлініп, кәсіпорын тарапынан сметалық құжаттамалар бойынша межеленген жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Бірлік елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне су тазартқыш қондырғысын орнатуға бөлінген 6 700,0 мың теңге қаржыға тиісті мекемемен келісім шарт түзіліп, орнатылуда.

Бәйдібек: 255 спорт нысаны жұмыс істейді
Бәйдібек ауданында халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі жоғарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу