Бәйдібек: Аудан жаһандық үдерістен шет қалған емес

Oinet.kz 03-09-2020 562

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті | SN.kz - жаңалықтар. Қазақстанның  жаңалықтары

Жұмыссыздықпен күресу арқылы халық экономикасын көтеру әлемдік саясат. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы да мұндай жаһандық үдерістен шет қалған емес. Дегенмен, қазірдің өзінде жұртшылық арасындағы жұмыссыздақ жағдайының жақсарып отырғаны байқалады.

Жұмыссыз азаматтарды қолдау ретінде ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 тенге) әлеуметтік төлемдердің 1-кезеңі аудан бойынша 10833 өтініш тіркелген, оның ішінде 10682 өтінішке тағайындалып төленсе қалған 151 өтінішке тағайындалудан бас тартылды.

2-кезеңі бойынша 7299 өтінішке тағайындалған, 6879 өтініш қаралуда, 147 өтінішке тағайындалудан бас тартылған.

Тұрмысы т өмен халықты қолдау болмасында соңғы жылдары елімізде атаулы көмек берілетіні белгілі. Аталған көмек түріне тұрғындар өз кәсіптерін бастап, қоғамнан тыс қалып қоймауға мүмкіндік алады.

Биылғы жылы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек 283 отбасыға (1674 адамға) 45 млн 776,1 теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 152 (1-3 жасқа дейінгі) балаға 3 млн 33 мың тенгенің, 226 (3-6 жасқа дейінгі) балаға 4 млн 615 мың тенгенің, барлығы 378 балаға 8 млн 924 мың теңгенің азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығы берілді.

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санатындағы 4268 адамға 51 млн 293 мың 275 тенгенің (сәуір, мамыр айларында) азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарының өтемақылары аударылды.

Оның ішінде;

-                     1,2,3 топтағы және 16 жасқа дейінгі барлығы 3020 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 33 млн 607 мың 900 теңге;

-                     Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 6-18 жасқа дейінгі 625 балаға 10 млн 353 мың 675 теңге;

-                     Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші 354 адамға, 3 млн 891 мың 300 теңге;

-                     Ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 309 адамға 3 млн 440 мың 400 теңге;


Бәйдібек: Өнім көлемі артты
Бәйдібек: 52 азаматқа мемлекеттік грант бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу