Бәйдібекте бюджеттік жоспар артығымен орындалды

Oinet.kz 03-09-2020 445

Бюджет Алматы в 2020 году вырастет на 37%. Из чего формируются доходы  города и на

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты  Жолдауы мен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдаған бағдарламаларын іске асыру мақсатында ел аумағындағы барлық дерлік аумақтар жыл басынан бергі есепті беруде.

Осыған байланысты Бәйдібек ауданы әкімдігі тұрғындарғы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат бойынша ашық есеп берді. Аудан бюджеті кіріс бөлігінің 2020 жылғы 6 айдағы жоспары 8 725 592,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны  8 866 163,5 мың теңге болып, жоспардың 101,6 пайызын құрады немесе жоспарлы түсімнен 140 571,5 мың теңге артық түсті. 

Жергілікті бюджет түсімдерінің жоспары есепті мерзімге 390 489,0 мың теңге болса, ағымдағы жылғы I-ші жартыжылдықтың  қорытындысымен нақты орындалғаны 507 066,7 мың теңге, яғни жоспар 129,9 пайызға немесе 116 577,7 мың теңгеге артық орындалды. 

Аудан бюджеті шығыс бөлігінің жоспары  8 725 592,0 мың теңге болса, ағымдағы жылғы I-ші жартыжылдықтың қорытындысымен игерілгені 8 725 530,0 мың теңге немесе жоспар 100,0 пайыз игеріліп отыр. Объективті себептермен үнем есебінен игерілмеген қаржылар көлемі  62,5  мың теңгені құрады. 

Сайрам: Темір шеберінің жұмысы ауданға үлгі
Бәйдібек: Кәсіпкерлік саласы жыл санап қарыштап дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу