Ордабасы: Аудан азаматтарының құқығы бірінші орында

Oinet.kz 31-08-2020 497

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

Ордабасы ауданында кезекті маңызды іс-шара болып өтті. Конституция күні қарсаңында өткен шараға аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, Ата заңға бір шолу жасап, меркемен тұрғындарды құттықтады. 

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл болды. Еліміздегі басты құжат 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. 

Осы атаулы мерекеге орай бүгін Ордабасы ауданында бейнебайланыс арқылы конференция өтті.

Жиынды ашқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков мерекелік шараға қатысушыларды құттықтап, Ата Заңның тәуелсіз ел қалыптасуындағы маңызына тоқталды.

Ордабасы ауданаралық әділет басқармасының басшысы Бауыржан Нұрпейісов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев сөз алып, азаматтардың құқығын қорғау бағытында ауданда атқарылған жұмыс барысын баяндады.

Сонымен қатар, аудан басшысы "Қазақстан Республикасы Конституциясына – 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған 25 азаматты құттықтап, құқық саласында үздік қызметімен ерекшеленген 5 азаматты Алғыс хатпен марапатталатынын атап өтті.

- Конституция - тәуелсіздігіміздің тірегі, тіліне, дініне, ұлтына қарамай, барлық қазақстандықтарды теңестіретін маңызды құжат. Оның басты артықшылығы – мемлекет ретінде әр азаматқа аса құрметпен қарауында. Ата заңның бірінші бабында «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылса, үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» делінген. Бұл баптар барлығымыздың санамызда сақталуы тиіс, - деп, аудан әкімі конференцияны қорытындылады.


Бәйдібек: Жөндеу жұмыстары жалғасуда
Ордабасы: Білім көрсеткішін жоғарылату қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу