Бәйдібек: Көпбалалы аналар марапатталды

Oinet.kz 28-08-2020 463

На изображении может находиться: 1 человек, на сцене, дерево, толпа и на улице

Мемлекеттiң байлығы - оның халқы. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекетіміз ана мен бала денсаулығына, жалпы отбасының жағдайына баса назар аударуда. Себебі ана мен бала - мемлекеттің бүгіні мен ертеңі.

Бәйдібекте  тұрып жатқан көпбалалы аналар бүгін "Алтын алқа" және "Күміс алқадан" тағынды. Оларды аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев құттықтап, марапаттап, салтанатты түрде табыстады. 

Еліміздің халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған Бәйдібек ауданындағы ақ жаулықты 16 ана бүгін осы марапатқа ие болып отыр. Оның 4-уі алтын алқа, 12-сі күміс.
Салтанатты марапатау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары көп балалы аналарды құттықтап ізгі тілегін білдіріп, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекеттің жасап отырған қамқорлығына тоқталды.
Айта кетерлік жайт көпбалалы аналар – бұл мемлекеттің алтын діңгегі. Елімізде көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық бүгінде жыл санап артып келеді.

Әйел заты отбасы мен ошақ қасының берекесі ғана емес, ол - адамзаттың анасы! Ақылымен, талантымен ел бірлігін сақтап, қиын кезеңде жұртына пана бола білетін жүрегі кең аяулы жандар.

Бәйдібек: Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Сайрам: Кәсіп игерген көштен қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу