Бәйдібек: Шаруалар үшін бар жағдай жасалған

Oinet.kz 28-08-2020 471

image.png

Бәйдібекте биылғы шаруашылық жайы қуантарлықтай. Әсіресе, ауыл шаруашылығына ден қойылып жүр.  Өндірілген өнім көлемі де қомақты. Бір сөзбен айтқанда, аудандағы барлық салаларға жіті көңіл бөлініп, көп тіршілік тындырылып жатыр.

Аудандағы «Көбей-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де кәсіптің дамуына өз үлесін қосып жүрген атаулы кәсіпорындардың бірі.

Бұл серіктестік Бауыржан Абайұлының қарамағында.Басшымын деп отырған кәсіпкер жоқ. Жұмыс киімін киіп, егінін орып, қамбасын азыққа толтырып жүр. Барлық ісін жұмысшыларымен ақылдасып шешуді жөн санайды. Жас кәсіпкер бұл саланы әкесі Абай Құрманбайұлының қасында жүріп меңгеріпті.

"Шаруашылық «Көбей-Агро» 2011 жылы құрылды. Қарамағымызда 2288 жер бар. Оның 1088-і егістік. 1200-і жайылым. Техникаларымыз 3 камаз, 5 комбайн,  3 косемсотымыз бар", - дейді Бауыржан АБАЙҰЛЫ, "Көбей-Агро" ЖШС-нің атқарушы директоры.

"Қазіргі таңда шаруалар үшін бар жағдай жасалған. Техникалары да жетерлік. Жеңілдетілген жанар-жағар май, тыңайтқыш секілді көмектерді де дер кезінде алып отыр. Мал азығын дайындайтын зауытпен келісім-шарт жасасқан. Субсидияны да тұрақты алып отырады. Серіктестіккке ауылдағы 15 шағын қожалық біріккен. Науқан кезінде жұмысшылар саны 3 есеге артып, жергілікті  халықты да жұмыспен қамтып отырады", - дейді Бектұрсын Асанов – комбайн жүргізушісі.

Қызмет жасап жатқаныма 5-6 жылдың көлемі боп қалды. Жұмысымыз тұрақты. Шамамыз келгенше күндіз-түні орып жатырмыз. Камазға бір салғанда 5-6тонна көлемінде саламызҚазір 300-400 гектардай жер орып қойдық.

Шаруашылық 2300-га жуық жерді игеріп отыр. Өткен жылғы конкурстан 116 гектар жер телімін ұтып алған. Бүгінде сол жерлерді мақсатты түрде пайдаланып келеді.

Қазығұрт жолдары жаңа кейіпке енеді
Түлкібас: Жылқы бағу - ата кәсіп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу