Сайрам: 42 елді мекен орталықтандырылған электр желісімен қамтылған

Oinet.kz 26-08-2020 568

Как работает электричество? | Политех (Политехнический музей)

Сайрам ауданындағы барлық 42 елді мекені орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Сайрам ауданы көлемінде 1614 дана электр трансформатор орналасқан.  Оның ішінде: Сайрам ауданы электр желілері "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС теңгерімінде 464 дана, ауданның коммуналдық меншігінде – 48 дана, қалған 1102 трансформаторлар жеке меншік, иесіз, жеке кәсіпкерлер есебінен қойылған.

Бюджет есебінен 2020 жылға қаражат қарастырылып, елді мекендерін электр желілерімен жабдықтау мақсатында, тиісті жұмыстары  жүргізілді. 

Атап айтқанда:

1. Ақбұлақ ауыл округіне қарасты Ақбұлақ елді мекені электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Мердігер мекеме "Нурпромсервис" ЖШС  тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

2. Құтарыс ауылдық округіне қарасты Ақарыс елді мекенін электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Сметалық құны: 91,591 млн.теңге.     Мердігер мекеме "Нурпромсервис" ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.

3. Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбай ауылы, Жаңақұрылыс көшесіндегі 17,0 га жеке тұрғын үйлердің электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Мердігер мекеме  «А. Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстары жүруде.

4. Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылы, Жаңақұрылыс көшесіндегі 8,13 га жеке тұрғын үйлердің электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Мердігер мекеме  «А. Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстары жүруде.

5. Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған елді мекені Жаңақұрылыс көшесіндегі 22,0 га жер телімінде электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Мердігер мекеме  «Нурпромсервис» ЖШС құрылыс жұмыстары жүруде.

6. Манкент ауылы Абдикадыров көшесі бойында электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы. Мердігер мекеме  «Нурпромсервис» ЖШС құрылыс жұмыстары жүруде.

Аудандағы елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша Қайнарбұлақ ауылдық округі Қасымбек Датқа ауылына қарасты 3 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, Облыстық бюджет есебінен қаражат қарастыру үшін облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілді.

«Манкент ауылдық округіне қарасты Манкент, Аққала және Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Таскешу, Құрлық, Шіркін,Тоған елді мекендерін электрмен жабдықтау жұмыстары» нысаны бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, аудандық экономика және қаржы бөлімініне ЖСҚ дайындауға ұсыныс жолданды.

Аудан аумағында тұтынылған коммуналдық қызметтерге  2 ай мерзіміне 15000 теңгеден төлемақы төлеу бойынша тұрғындарынан 16 963 өтінім (телеграм бот арқылы- 9578, call орталық арқылы- 7385). қабылданып, аудан аумағында коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің шоттарына 482,9 млн. теңге қаражат аударылды. Бүгінгі таңда электр жарығы бойынша 12 965  азаматтардың дербес шоттарына  242, 872 млн. теңге, табиғи газ бойынша 8272 азаматтардың дербес шоттарына 147,48 млн. теңге және ауыз су бойынша  5 163 абоненттердің дербес шоттарына 41,9 млн. теңге аударылды. Республикалық бюджет есебінен аудан тұрғындардың дердес шоттарына 432,256 млн. теңге отырғызылды. Орындалуы 89,5 пайыз құрайды. Аудан аумағында коммуналдық қызметтерді көрсететін мекемелердің тарапынан қалған 50,63 млн теңге бойынша тұрғындардан қабылданған өтінімдерді зерделеу, сұрыптау жұмыстары жүргізілуде. 

Сайрам: Табиғи газ мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады
Сайрам: Жолдар жаңарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу