Сайрам: Міндеттер айқындалды

Oinet.kz 26-08-2020 604

image.png

Сайрамда кезекті жиналыс болып өтті. Күн тәртібіндегі жиналыс аудан орталығы Ақсукент ауылдық округінің дамытуға бағытталды, сондай-ақ ауылдық округің өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту болды.

Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте тазалық мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. 

Бүгін (25.08.2020ж.) Ақсукент ауылдық округінің әкімі Бурбеков Әбдіманат Нұрсейітұлы ауылдық округ аумағындағы тазалық мәселесімен айналысатын мекеме өкілдерімен кездесті. Кездесудегі негізгі мақсат - зерделеу жұмыстарын жүргізу болды. 

Қазіргі таңда Ақсукент ауылдық округі аумағында тұрмыстық қалдықтарды шығарумен "Қарасу БРМ", "Сәт" ЖШС айналысады. Ал, ретсіз күл-қоқысты "БарНұр" ЖШС жинайды. Кездесуде жұмыс жоспарымен танысып, алдағы міндеттер айқындалды.

Ақсукент ауылдық округіндгі жалпы халық саны 2020 жылдың 1 қаңтарына 44861 адам, оның ішінде: ерлер – 21533 адам, әйелдер – 23328 адам, отбасы саны 8421,  зейнеткерлер 1972, мүмкіндігі шектеулі азаматтар -1628, экономикалық белсенді халық - 17046 адам, оның ішінде жастары (18-29 жас аралығы) – 5872. Жұмыссыздар саны тіркелгені   922, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 6930.

Ауылдық округте бүгінде 9745 оқушысы,  8 жалпы орта мектеп,   2 негізгі орта мектеп бар. 23 жеке меншік балабақша, 4 мемлекеттік балабақша  жұмыс істейді,  3  кітапхана, 2 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасауда.

Сайрам: Табиғат көркі - ағаш
Сайрам: Тазалық жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу